Показать содержимое по тегу: Үкімет отырысы
Кешегі Үкімет отырысы таза қазақ тілінде өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап silteme.kz АА.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру, Қоғамдық сананы жаңғырту, Заң үстемдігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерімен қатар, шетелдік инвесторларды тартудың әлі де тиісті деңгейде жүргізілмей отырғанына баса мән берді. Бұл орайда Мемлекет басшысы «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаевты сұрақ-жауаптың астына алды. Мұны кейіннен шараға тікелей куә болған журналистер Үкімет отырыстарында орын алған аса қызықты екі жақты диалогтардың бірі болғанын атап өтісті.