ЭКСПО көрмесі қонақтарының саны күн санап көбейіп келеді
20.06.2017, 09:39

ЭКСПО көрмесі қонақтарының саны күн санап көбейіп келеді

Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылғанына тура он күн болды. Ал көрмені тамашалағандар саны – 205 561 адам. Қалашық аумағындағы павильондарға көрермендердің кіріп-шығу көрсеткіші 1 млн 57 мыңнан асқан. Бұл жайында медиа-орталықта өткен баспасөз мәслихатында Астана ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов мәлімдеді.

«Бір қонағымыз бір күн­нің ішінде 5-6 павильонды көріп үлгереді. Біздің есебімізге сәй­кес, осы уақытқа дейін көр­мені 26 мыңнан астам шетел азаматы тамашалады. Ол барлық қонақ­тардың 13 па­йы­зын құрайды. Көрмеге кел­гендердің 10 мың­нан астамы алты жасқа дейінгі балалар болса, 2 мыңнан астамы – мүгедектер мен Ұлы Отан со­ғы­­сы­ның ардагерлері және олар­­ға теңестірілгендер», деген Б.Қарымсақов шараны тама­ша­лаған оқушылар мен студент­тердің де қарасы жоғары – 14 мыңнан асқанын айтты. Қазіргі динамикаға көз жү­гіртсек, көрмеге келетін қо­нақ­­тардың саны күн сайын ар­­тып келеді екен. Мәселен, ал­­­ғаш­­қы күні 17 мың адам қала­шық аумағын тамаша­ласа, бұл көрсеткіш өткен жұмада 34 мың­нан асқан. Компания бас­қару­шы директорының мәлі­ме­тін­ше, ЭКСПО-2017 көр­ме­сі­не байланысты осы уақыт­қа дейін 280-нен аса ойын-сауық бағдарламасы, 50-ден аса хат­тамалық іс-шара ұйым­­дас­­ты­рылған. Соңғысына мем­ле­кет басшылары, мәртебелі мей­­ман­дар, павильон комис­сар­лары және түрлі дәрежедегі деле­гациялар қатысқан. Жиында Бейбіт Қарымсақов Шымкент қаласынан ЭКСПО көрмесіне келген қонақтардың билеттері көрме алаңына кіруге жарамсыз болып қалғандығы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. «Жалған би­лет болмай қалған жоқ. Көр­менің ашылу салтанаты күнінде жалған билеттің 100 нұсқасы анықталды. Барлығы түрлі-түсті көшірме. Екінші күні де 70 дана жал­ған билет белгілі болды. Не­гізі, түпнұсқа билеттер Шым­­­кент қаласында сатылған. Біз оны арнайы нөмірлер ар­қы­лы біл­дік. Содан кейін түп­нұс­қа би­лет­терден базада жоқ көшір­ме­лер жасалған. Әр билет­тің жеке коды болатынын біл­ген жөн. Бүгінде жасанды би­лет­­пен келу­шілер жоқ», деді ком­па­ния­ның басқарушы директоры. Баспасөз мәслихатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК қоғам­мен байланыс депар­таментінің директоры Сергей Куянов әлемге әйгілі «Foreign Policy» басылымының журна­лисі Джеймс Палмердің бұған дейін дау тудырған мақала­сы жайлы әңгімеледі. Оның айтуын­ша, жұртты шулатқан тіл­ші Астанаға келмеген, тіпті ЭКСПО көрмесін араламаған да. «Біздің анықтағанымыздай, британдық Джеймс Палмер бірнеше басылымға Орталық Азия елдері мен Қытай тура­лы жазады екен. Алайда, ЭКСПО-2017 көрмесіне ондай жур­на­лист тір­келмеген. Бұл – бір. Екін­шіден, Джеймс Пал­мер есімді азамат Қазақстан шекара­сынан өтпеген. Яғни кедендік тіркеуде жоқ. Демек, Палмер мырза өз материалын өзге бі­реу­дің пікі­ріне сүйеніп немесе ар­на­йы тапсырыспен жазған», деді С.Куянов. Оның сөзіне қара­ғанда, тілші жазбасында көп фактіні бұрмалап көрсетіпті. Мәселен, ол көрме құрылысына жұмсалған қаражатты 5 млрд доллар деп жазған, шындығында бұл – 1,3 млрд доллар. Мұ­ны құрылыс жұмыстарын жүр­гізген компаниялар да растайды. Басқосуда ұлттық компания­ның коммерциаландыру жөнін­дегі департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев көрме аума­ғын­дағы тағамдар бағасын рет­теу мәселесінің мән-жайына тоқ­талды. Оның айтуынша, ком­пания басшылығы мейрам­xана, дәмxана және фаст-фуд сияқ­ты қоғамдық тамақтандыру орын­дарын ашу арқылы xа­лықтың барлық топтарына тиімді бағаның болғанын көз­деген. Мәселен, қоғамдық та­мақ­тандыру дүңгіршектерінде бір түскі астың бағасы – 1400 теңге. Ол қаланың орташа баға­сына сәйкес келеді. Себе­бі, Астанадағы ойын-сауық орта­лықтарында да түскі астың бағасы осындай. Ал көрме аумағындағы дәмxаналар мен мейрамxаналарда түскі астың орташа бағасы – 7500 теңге. Ол да – Астана сияқты мега­по­листердің орташа бағасы. Д.Еркімбаев әлеуметтік желі­­лерде кеңінен талқыланған «Той­қазан» ұлттық тағамдар мейрамxанасының бағаларына да түсінік берді. «Шынымен, ол – қымбат мейрамxана. Себебі, тамақтың дәмі де, қызметтің көрсету сапасы да жоғары. Не­гізі, біз бір ұлттық тағам үшін бір­неше орынды қарастыр­дық. Мәселен, мейрамxанада қымбат болса, фуд-корттарда қазақ­тың ұлт­тық тағамдарын 1-2 мың теңгеге сатып алып жеуге болады. Сол сияқты, дүңгіршектерде де қазақы ет­тің бір порциясын 1200 теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар. Сон­дықтан қоғамдық та­мақ­тандыру орындарының бағасы бір мейрамxанаға тіреліп тұрған жоқ. Осыны түсіну қажет», деді департамент басшысы. Маманның дерегінше, қала­шық ішінде 25 дәмxана мен мей­рамxана жұмыс істейді. Олар­да 15 ұлттың тағамдары әзір­ле­неді. Бұдан бөлек, фаст-фуд өнім­дері сатылатын 33 ша­­ғын дүң­гір­шек бар. Соны­мен қатар, кей­бір ұлттық пави­льон­­дар өз ғи­марат­тарында тамақ­тандыру орындарын ашқан. 

Э

Эллада аңызының өрнегі ме, 

Эпостық жырым шықты төрге, міне. 

Эскортпен тамашалы таң қалдырып, 

ЭКСПО жарқыл қағып келді еліме! 

К

Көрмесін ғажайыптың көрді Астана, 

Келешек қуат көзін берді Астана. 

Керім деп таңдай қақты небір жампоз, 

Көтерді зеңгір көкке елді Астана! 

С

Сарыарқа сайын төсі дүбірлеген, 

Самала жарық көзін бір ілмеген. 

Самғаған Париждегі ән Әміре, 

Сұлуым Балқадиша күлімдеген. 

П

Пейілі қазағымның осындайда, 

Пайымы кемелдікке қосылмай ма? 

Парасат биігінен тіл қатқанда,

Парағы жаңа дәуір ашылмай ма! 

О

Ордама алғыс-алқа таға келдің, 

Осынша қуанышты ала келдің. 

Оңғартқан озық ойын оразада,

Отаным назарында бар әлемнің!

Дерек көзі: egemen.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер