ЭКСПО-ның жас елшілері
20.06.2017, 09:29

ЭКСПО-ның жас елшілері

Назарбаев зияткерлік мектептері елордада «ЭКСПО-ның жас елшілері» атты жазғы мектептің тұсауын кесті. Жазғы мектепке еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100 бала халықаралық көрменің керемет жобаларымен таныспақ.

Айта кеткен ләзім, көрме билеттері зияткерлік мектеп­тердің оқушылары ұйым­дас­тырған қайырымдылық жәр­мең­келерінен түскен қар­жыға алынған болатын. Осы шара арқылы тұрмысы төмен отбасылардың балалары жаз­ғы демалыстарын ЭКСПО қа­быр­ғасында ұмытылмастай өткізбек. Аталған шараға, сонымен бірге, «Халық» қайырымдылық қоры демеуші болып отыр. Сал­танатты жиында «Назарбаев зияткердік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова мен Халық банкі Астана қалалық филиалы­ның директоры Жанар Рахымова ЭКСПО-ның жас елшілерін құттықтады. Күләш Ноғатайқызының айтуынша, Қазақстанның «Нұр Әлем» бас экспозициясында, Қытай, Германия, Оңтүстік Корея, Ресей және басқа да елдердің павильондарында ұсынылған болашақ энергиясы ЭКСПО-ның жас елшілеріне жаңа әлем қуатының бейнесін көрсететін болады. Сонымен бірге, балалардың «Бәйтерек», «Астана-Опера», «Думан» океанариумы, «Атамекен» этноме­мо­риалдық кешені сияқты елорданың көрікті орындарына саяхаты, «Нұрлы жол» желекжолымен серуендеу және Есіл өзенінде қайықпен жүзу жоспарланып отыр. Халық банкінде оқушылар теңгенің және қаржы нарығы­ның пайда болу тарихымен таныспақ. Сондай-ақ, спорт­тық ойындар, ғылыми және шығармашылық жобаларды әзірлеу қарастырылған. Оқу­шылар бос уақытта зият­керлік мектептер үшін дәс­түрлі сабаққа айналған қыш қолөнері, әуе көлігін модельдеу, өнер дизайны және дра­ма­лық өнерге машық­тану­мен шұғылданады. Атал­ған шара­да ЭКСПО көр­ме­сінің алғаш­қы тартуы, яғни жаңа оқу жылына арналған оқу құрал­дары салынған сөмкеге Семей өңірінен келген жазғы мек­теп­тің ең жас қатысушысы Таң­шебер Амантай ие болды.

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»


Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер