ЭКСПО-2017: Ауылдағы баламалы энергия көзі
20.06.2017, 09:21

ЭКСПО-2017: Ауылдағы баламалы энергия көзі

Қызылжар өңірінен ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесіне қатысу ба­қы­ты­на ие болғандардың бірі – «Зенченко және К» коман­диттік серіктестігі­нің ди­рек­торы Геннадий Зенченко.

«Астана көрмесінің күн тәр­тібіне «Болашақтың энергиясы» тақы­рыбының ұсынылуы кездейсоқ емес» дейді ол әңгімелескенімізде. Ол өндіріске ғылым жаңалықтарын енгізудің жолдарын талмай қарас­тырады. Топырақты өңдеудің, шабын­дықтарды суарудың, бидай, кар­топ өсірудің, асыл тұқымды селек­ция­лық жұмыстардың озық тех­но­ло­гияларын алғашқылардың қата­рын­да пайдаланды. Бір арманы жаңартылған энер­гия түрлерін қарапайым тұрмыс­та қолдану болатын. Осы мақсатын іске асыру үшін жатпай-тұрмай ізденіп, ақыры жел-энергетикалық қондырғысын орнату қажет деп шешкен. Оған шаруашылық есебінен 420 миллион теңге жұмсап, Жалпыұлттық телекөпірде тұсауын Елбасының өзі кесті. Бүгінгі күні желден қуат көзін алатын екі энер­гетикалық құрылғы тұрақты жұмыс істеп тұр. Былтыр 1,3 млн Квт энер­гия өндіріліп, көрші ауыл­дар­ды да қамтамасыз етті. Желден жарық алу қай жағынан болсын өте тиім­ді екенін осылайша дәлелдеді. Геннадий Геннадьевичтың сөзі­не алып-қосарымыз жоқ. Еліміз дәс­түрлі энергетикалық ресурстарға кен­де болмаса да, баламалы энер­гия көздерін пайдалану арқылы «жа­сыл экономика» құру бағытына ба­сым­дық беруінің бір себебі зиянды зат­тар­дың қоршаған ортаға келтірер за­ла­лын төмендету болса керек. Оның үстіне бүгінгідей жаһандану үрді­сінде ең үздік технологиялық жетіс­тіктерсіз алға басу мүмкін емес. Ха­лық­тық, ұлттық дәстүр мен мә­де­­ниет­тегі жаңа сипаттар да көр­менің басты тақырыптарының бірі еке­ні даусыз. Демек, сан-салалы ауқым­да өрбитін көрменің ұсынары көп болмақ. Сол сияқты, Қазақстан үшін биылғы жылғы басты оқиғаға бала­на­тын айтулы шараға «БиоТЭС», «Тайынша-Астық», «Угл­жог», «Радуга» секілді кәсіп­орын­дар да қатысып, өз жетіс­тік­терін жар­на­малайтын болады. Жалпы, солтүстікқазақ­стан­дық­тар қай жағынан болсын ха­лық­ара­лық көрмеге жан-жақ­ты дайындықтармен келге­нін айта кеткен жөн. Ол туралы кәсіп­кер­лік және туризм басқарма­сы­­ның басшысы Құралай Жарова әңгімелеп берді. Оның айтуын­ша, 100 мыңға жуық солтүстік­қазақ­стандық көрмені кезең-кезеңімен қызық­тамақ, олардың бестен бірі– балалар мен зейнеткерлер. Мек­теп оқушылары үшін жергілікті қазынадан қаражат бөлініп, арнайы көліктер бөлінген. Көп балалы от­ба­сыларға, жетім балаларға жеңіл­діктер жасалған. Агроқұрылымдар да өз тарту-таралғыларымен барып жатыр. Бұл күндері ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылып, астаналықтар мен меймандарға 2851 тонна азық-түлік түрлері, ет, сүт өнімдері қол­жетім­ді баға­ға ұсынылады. Ал, мә­де­ниет күндері аясында өнер ұжым­дары­ның концерттік бағдар­ла­ма­лары тамашаланады. «Этно­ауыл» ұлт­тық-мәдени кешенін қызық­тау­шы­лар қатары қалың болары сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда, әлемдік ауқымда атап өтілетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі техникалық жетістіктермен, баламалы энергия көз­дерінің молдығымен, рухты жа­ңар­тудың, ғылымға ұмтылудың ма­ңыз­дылығымен назар аударары анық.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»


Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер