Астана әуежайы: Назарбаевтың атын беру – ұлт борышы
26.06.2017, 23:44

Астана әуежайы: Назарбаевтың атын беру – ұлт борышы

Жуырда Түркі әлемінің жарқыраған жұлдызы − Қазақстанда назар аударарлық оқиғаға куә болдық. Халықаралық Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілді. Осылайша, Қазақстан бар ғұмырын еліне арнаған ел Президентіне деген сенімі мен борыш сезімін паш етті. Осы орайда Түркияның мемлекет ретінде құрылып, серпінді дамуына үлкен үлес қосқан Мұстафа Кемал Ататүріктің атымен Еуропаның ең ірі әуежайларының бірінің аталатынын естеріңізге салғым келеді.

Н.Назарбаев өзінің саналы ғұмырын Қазақстанның дамуына арнап, өлшеусіз еңбек сіңіргені ақиқат. 1991 жылдан бері тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге, Түркі әлемінің және басқа да жақын елдердің зор сенімін иеленді. Бейбітшіліктің туын биікке көтерген ірі Көшбасшы ретінде әлем жұртшылығына танылып, үлкен құрметке лайықты болды.  Қазақстан Президенті сыртқы саясатты бір бағытта жүргізбей, әр мемлекетпен тең қатынас құ­рып, көп бағытты саясат жүр­гіз­ді. Осы көп жақты саясаты ар­қ­ылы Назарбаев халықаралық қо­ғам­дастық тарапынан «бітімгер көш­басшы» ретінде мойындалды. Назарбаев Сирия дағдарысын және елдегі гуманитарлық проб­лемаларды оң шешу үшін аз күш-жігер жұмсаған жоқ. Ас­танада Ресей, Иран мен Түр­кия­ның қолдауымен Сирия келіссөздерін ұйымдастырды. Аталған кездесулердің Қазақ­стан­­да өтуі Сириядағы маңызды фак­­торлардың бірі болып та­бы­ла­тын түрікмендердің Астана ке­ліс­сөзіне қатысуына және ұс­та­нымдарының өзгеруіне себеп болды.  Қазақстан − қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіп­­сіз­дік Кеңесінің (БҰҰ ҚК) тұрақты емес мүшесі. Қазақстанның Түр­кия­дан кейін БҰҰ ҚК мүшесі болып сайлануы Түркі әлемі үшін жақсы мүмкіндік. Бұл жағ­дай Әзербайжан, Қазақстан, Қыр­ғызстан және Түркия мү­ше болып табылатын және Назар­баевтың ықпалымен құ­рыл­ған Түркі кеңесі үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынуы ықтимал. Осы тұрғыда Қазақстан мен Тү­ркияның жақын қолдауына Түр­кі кеңесіне Түрікменстан мен Өзбекстанның қатысуы ор­тақ күш-жігерді жұмылдыруға қо­лай­лы жағдай жасар еді. Алдағы жыл­дарда түркі тілдес елдердің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде ықпалы артып жатса бұдан Түркі әлемі ұтыла қоймас деп ойлаймыз.  Былтырғы жылдың 15 шіл­десінде Түркияда орын ал­ған төңкеріс әрекетінен кейін Ан­кара­ға алғашқы сапар жасаған Президент ретінде Н.Назарбаев бауырларының қасынан табылып, күтілген қолдауды көрсетті. Назарбаевтың сол жол­ғы ресми сапарының ай­рық­ша мәні болды, шынайы бауырластықтың көрінісі еді. Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған әрдайым Нұрсұлтан Назарбаевты «Түркі әлемінің ақсақалы» ретінде сипаттайды. Мұны Назарбаевтың сол сапары барысында Ердоғанның мына мәлімдемесінен байқадық: «Құрметті Президент Түркі әле­мі­нің ақсақалы. Мәртебелі Назарбаев жүргізген ақылды жә­не теңгерімді саясаттың ар­қа­­сында Қазақстан бүгінгі таң­да аймақтың және әлемнің ын­ты­мақтастыққа ашық, беделді ойыншысына айналды. Тілі, тарихы мен мәдениеті бір Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы сая­си тұрақтылығын күшейтіп, жыл­­дам экономикалық дамуға көш­ті».  Бұдан бірнеше ай бұрын Қазақстанға келгенімде елдегі өзгерістер мен даму деңгейін өз көзіммен көруге мүмкіндік алдым. Бір түсінгенім, Назарбаев өз дәуірі мен замана рухын терең түсіне алатын үлкен көшбасшы екен. Әсіресе, Назарбаевтың кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне өту туралы тапсырмасы өте орын­ды, уақтылы ше­шім. Қазақ Пре­зиденті 2025 жыл­ға дейін барлық кітаптардың, мер­зім­ді басылымдар мен ресми құжат­тар­дың латын әліпбиінде жария­ланатынын да белгілеп берді. Бұл − Түркі әлеміндегі тіл мен әліп­би­дің бірлігіне қызмет ететін аса маңызды страгегиялық бастама.  Нұрсұлтан ағаның келешекке бағытталған көзқарасымен қа­лыптасқан «Қазақ моделі» түр­кі мәдениетінен нәр алып, «тұ­рақ­тылық» пен «эконо­ми­­ка­лық дамудың» озық үл­гісін көрсетті. Осылардың нә­тижесінде Қазақстан 2017 жылы жаңа тарихи кезеңге аяқ басты деуге негіз бар. Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру­ге ұмтылған Қазақстан ал­да­ғы ке­зеңде де Назарбаевтың көш­бас­шы­лығымен өз мақсатына қарай ілгерілей беретініне сеніміміз зор.  Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев сияқты Көшбас­шы­мыздың болуы екі ел қатынастары, соны­мен бірге, Түркі әлемі тұр­ғы­сы­нан да үлкен мүмкіндік деу­ге болады. Сондықтан жа­ңар­ған Қазақстанның басты ха­лық­аралық әуежайына ұлы түркі Көш­басшысы Н.Назар­б­а­евтың атының берілуіне орай бауырлас қазақ халқына құрметімізді білдіре отырып, шын жүректен құттық­таймыз. 

Жәмил Доғач ИПЕК,   

Ататүрік университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі маманы


Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер