ЭКСПО импульсі: Елімізде ұшақ билеттері арзандауы мүмкін
27.06.2017, 22:10

ЭКСПО импульсі: Елімізде ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, келесі жылдан бастап Қазақстан азаматтық авиацияны толығымен отандық керосинмен қамтамасыз етсе, ұшақ билеттерінің бағасы арзандауы әбден мүмкін, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізге жыл сайын 800 мың тонна авиакеросин керек. Қазіргі кезде Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауыты тек 300 мың тоннаны беріп отыр. Сол себепті Ресейден сатып алуға мәжбүрміз. Ол өнімнің бағасы 30-40 пайызға қымбат. Ал осының бәрін өзіміз өндірсек, билеттің бағасы да арзандайды. Себебі билет бағасының 30-35 пайызы - керосиннің құны. Демек, керосиннің бағасы түссе, билеттің құны да арзандайды», деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, отырыс барысында министр келесі жылдан бастап азаматтық авиация отандық керосинмен толығымен қамтамасыз етілетінін жеткізді, деп жазады egemen.kz. 

Сондай-ақ, ол Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы өтетін транзиттік ұшу көлемінің жыл сайын 6-7%-ға артып жатқанын атап өтті. Қазақстан арқылы өтетін жолаушылар ағыны негізінен мына бағыттарда: Қытайдан Еуропаға, Ресейге және Түркияға, Еуропа мен Үндістан, ОША арасында, Украина мен Өзбекстан арасында, Қырғызстан мен Оңтүстік Корея, Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азия аралығында байқалады.

«Биыл шет мемлекеттердің 130 мыңға жуық әуе көлігі Қазақстан арқылы ұшады деп күтудеміз. Қазақстан арқылы әуе транзитін жүргізудің тартымдылығын арттыру үшін Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында 2017 жылдың соңына дейін 600 мың транзиттік әуе жолаушыларын, ал 2020 жылға дейін шамамен 1,6 млн адамды тасымалдау көзделген», - деді Ж. Қасымбек.

Тағы бір айта кетерлік жайт, оның айтуынша, соңғы 7 жылдың ішінде әуе көлігімен транзиттік жолаушылар ағыны шамамен 20 есеге артқан: 2010 жылы 20 мың адамнан 2016 жылы 478 мың адамға дейін өсім байқалған. Бұл турасында primeminister.kz жазды.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер