ЭКСПО импульсі: Туристік саланы дамыту тұжырымдамасы Қазақстанның ІЖӨ құрылымындағы туризм үлесін арттырады
27.06.2017, 21:24

ЭКСПО импульсі: Туристік саланы дамыту тұжырымдамасы Қазақстанның ІЖӨ құрылымындағы туризм үлесін арттырады

ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы барысында ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов Туристік саланы дамытудың 2023 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасын іске асырудың мақсаттары мен құралдары туралы айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

А. Баталовтың айтуынша, туризмнің олимпиада жолына шығуына байланысты сала алдында ІЖӨ құрылымындағы туризм үлесін 2025 жылға қарай 8%-ға дейін арттыру және елімізге келушілер туризмінің 100-пайыздық өсімін қамтамасыз ету міндеті тұр.

«Әдеттегідей, туроператорлардың 95% бүгінде тек сыртқа шығу туризміне бағытталған. Туроператорлар құзыретті органдармен бірге Қазақстанды ішкі, сондай-ақ сыртқа шығушы туристерді де тартуы тиіс жер ретінде айқындауы керек. Осыны ескере отырып, Туристік саланы дамыту тұжырымдамасының алдыңғы нұсқасы жаңартылды», – деді А. Баталов.

Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі құралы Іс-шаралар жоспары болмақ. Жобалық басқару аясында нақты индикаторлар белгіленген, оларға сәйкес еңбек өнімділігі жыл сайын 4-5%-ға, халықтың жұмыспен қамтылуы – 5%-ға ұлғайып отырады. Бұл, А. Баталовтың пікірінше, Қазақстан экономикасы құрылымындағы туризм үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Дүниежүзілік туристік ұйымның ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстанның туристік саласын одан әрі дамыту бойынша шараларды қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда, ҚР МСМ отандық туристік өнімдер маркетингінің тиімді моделін әзірлеуде, сонымен қатар бұл жеке брендті құру мен еліміздің туристік әлеуетін халықаралық аренада ілгерілету арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Тағы бір атап өтерлік жайт, Үкімет туристерге Қазақстанға келуге жағдайларды барынша жеңілдету үшін визалық-көші-қон саясатын ырықтандыру мен әуе қатынастарын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда елге визасыз кіре алатын елдердің тізімі 63 мемлекетке дейін ұлғайтылды, ҚХР азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим және Астана әуежайында «ашық аспан» режимі қолданыста. Сондай-ақ, көші-қон полициясында шетелдіктерді тіркеу, электронды визаларды енгізу, әуе қатынастарын әртараптандыру мәселелерін шешу қажет.   

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер