ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АВТОЖОЛШЫЛАРЫ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
27.06.2017, 20:02

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АВТОЖОЛШЫЛАРЫ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Солтүстік Қазақстан облысы екі ел жол қызметін біріктіретін орынға айналды. Петропавлда ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің  төрағасы Мереке Пішембаевтың қатысуымен Қазақстан мен Ресей Федерациясы автожол жұмысшыларының және ардагерлерінің кездесуі ұйымдастырылды. Ресей тарапынан келген делегацияны  «РОСАВТОДОР» ФЖА басшысы Роман Старовойт басқарды. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Күн тәртібіне «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізін дамыту мәселесі енгізілді. Онда әр тарап аталмыш дәліз бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жүзеге асыру жоспарларын ортаға салды.

Өз кезегінде Комитет төрағасы жүргізіліп жатқан жұмыстардың аясында «Астана-Қостанай-Челябинск», «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы», «Астана – Петропавл», «Астана – Теміртау», «Павлодар – Омбы», «Атырау-Бейнеу», «Алматы – Қапшағай» жобалары 1 және 2 техникалық санат параметрі бойынша аяқталғанын және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің Қазақстан территориясындағы барлық учаскелер бойынша жолдар ашылғанын атап өтті.  

1 және 2 санаттағы жолдың жалпы ұзақтығы 7,3 мың шақырымды құрап отыр. Бұл транзиттік және жүк тасымалы өсімін екі есеге арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Мереке Пішембаев Ресеймен шекара маңындағы өткізу бекеттерін дамыту жөнінде ҚР ИДМ-нің жүзеге асқан жоспарларының нәтижесін айтып өтті.

Кездесу барысында екі мемлекеттің көрші облыстары жол қызметінің автомобиль жолдарында төтенше жағдайлар болған кезде өзара іс-қимыл жасасу мәселелері де көтерілді.

Ресейлік тарап өткен жылы ҚР Павлодар облысының шекарасына жақын орналасқан РФ Омбы облысы аумағында өткен ірі масштабтағы екі елдің жол қызметі саласының бірлескен оқу-жаттығуы туралы бейнематериалды көрсетті.

Осы мәселенің аясында ҚР ИДМ-нің бастамасы қолдау тауып, биыл қараша айында ҚР Шығыс Қазақстан облысында ТЖ алдын алу бойынша бірлескен «Қыс 2017» оқу-жаттығуын өткізу туралы келісім бекітілді.

Екі мемлекеттің автожол сала басшылары жол инфрақұрылымын жетілдіру мемлекетаралық автомибильмен жүк тасымалдауды барынша тиімді дамытуға мүмкіндік беріні туралы және серіктес елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша тың серпін беретіні жөнінде ортақ пікірге келді.

Жоспарланған ауқымды істердің нәтижесінде Қазақстан мен Ресей арасында сауда мен тауарайналым көлемін, көлік ағынының қарқынын арттыруға мүмкіндік туады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер