ЭКСПО импульсі: Қазақстан ЭЫДҰ ұйымының Халықаралық инвестициялар көпұлттық кәсіпорындар декларациясына қосылды
21.06.2017, 19:04

ЭКСПО импульсі: Қазақстан ЭЫДҰ ұйымының Халықаралық инвестициялар көпұлттық кәсіпорындар декларациясына қосылды

Бүгін Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Халықаралық инвестициялар көпұлттық кәсіпорындар декларациясына қосылған 48-ші ел және ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің қауымдастырылған мүшесі болды.

Декларацияға қосылу және ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне кіру Қазақстанның халықаралық инвестицияларға әділ және айқын ортаны қамтамасыз ету ұмтылысын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік, экономикалық ілгерілеуге жағымды үлес ынталандыратын инвестицияларды көтермелеуге дайындығын растайды.

Декларацияға қосылып Қазақстан халықаралық инвестициялар мәселелерінде ынтымақтастық бойынша үкіметтік форумды жүргізетін ЭЫДҰ Инвестиция комитетінің жұмысында қатысатын болады және ЭЫДҰ елдерімен саясатты белсенді талқылауды жүргізеді.

Қазақстанда тұрмысты жақсартуға бағытталған тиімді саясатты дайындау және іске асыру бойынша ЭЫДҰ және Қазақстан бірлесіп жұмысты жалғастыратын болады.

Бұл Қазақстанның ЭЫДҰ-мен тығыз ынтымақтастықта Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша бүкіл Үкіметінің 5 жылдық жүргізілген жұмыстың нәтижесі.

Осы кезең бойынша ЭЫДҰ сарапшылармен бірге Қазақстан инвестициялық саясатының екі шолу жүргізілді, ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес инвестициялық ахуалын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

Осылайша, ЭЫДҰ ұсыныстарының арқасында а.ж. 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда визасыз режимдегі азаматтардың елдерінің тізіме кеңейтілді, бұл тізімге ЭЫДҰ бүкіл елдері кіреді. Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін тарту тараптары жетілдірілді, Жоғарғы сот жанында инвестициялық даулар бойынша Мамандандырылған сот алқасы құрылды.

Декларацияға қосылу және ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне кіру Қазақстанның инвестициялық ахуалы осы ұйымның талаптарына және стандарттарына сәйкес екендігінің көрсеткіші болып табылады.

ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінде мүшелігі Қазақстанға ЭЫДҰ елдерінің озық стандарттарын дәйектілікпен үйренуге, ірі инвесторлар мен трансұлттық компанияларды тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ елдің рейтингіне және инвестициялық мүмкіндіктеріне оң әсер етеді.

Сонымен қатар, іскерлік ортаның бәсекелестік және инвесторлардың құқықтарын қорғау деңгейінің жоғары көрсеткіші болып табылады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер