Показать содержимое по тегу: сана
Жүрек. Бұл сөзді естігенде оптимистер мен романтиктердің көз алдына жоғарыдағы жағымды, қызыл бейне келеді. Желі белсенділері статустарын еске алады. Ал, реалистік тұрғыдан алғанда бұл - адам денесіндегі бұлшықетті мүше. Абай ақынның бір нақылында: "Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті - ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек" делінген. Соған сүйене, жұрт "жұдырықтай" деп көлемін "өлшеп берген" ағзаның құпиясы көп екеніне сенуге болады. (Қандай екенін білгіңіз келсе, соңына дейін оқыңыз).