Показать содержимое по тегу: автотұрақ
Жыл біткенше Алматыда 2 000-дай автотұрақ ашылады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.
Ақылы автотұрағы апта сайын ашылып жатқан Алматыда оның тиімділігі де біртіндеп байқалуда. Мәселен, кептелісі көп «Көк базарда» көлік сирей түскен. Бұл аумақта қосымша 123 тұрақ орны жабдықталады деп күтілуде.
– Одан әрменгі жоспарда тұрғаны – апта сайын бір тұрақ орнын ашу. «Көк базар» маңындағы көшелерді бойлай тұрақ орындарын қарастырамыз. Автотұрақтарды Жібек жолы көшесінің бойымен Қонаев көшесіне дейін, Қонаев көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін орнатамыз. Атқарылар біраз шаруа бар. Гоголь көшесінің бойы да бағдарламамызға кіреді. Жыл соңына дейін 2 мыңдай автотұрақты іске қоссақ деп отырмыз, – деп мәлімдеді «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков.
Айнабай Мәди
Жапонияда 126 миллион халық тұрады. Орын тапшылығы бар бұл мемлекетке жолыңыз түсе қалсаңыз мынадай авто тұрақты көргенде таң қалмаңыз.
Жапондықтардың майонезінің біздікінен еш бір айырмашылығы жоқ. Бірақ біз майонезді салатқа, немесе бутерброд жасаған кезде қолданасақ олар майонезді балмұздаққа, «чипсы» мен «блиныға» қосады екен.
Жаңбыр жауып тұрған кезде, оған жел келіп қосылса, жай қол шатырдың көмегі тимейді. Жапондықтар бұл тығырықтан шығудың жолын өздеріне сай тапқырлықпен шешкен екен.
Егерде сіз кеңседе, жұмыс кезінде ұйықтап қалсаңыз, не жұмыстан шығасыз, не бастықтан сөз естіп, жалақыңыздан айрыласыз. Ал Жапонияда жұмыс кезінде ұйықтауға болады. Оған атауда тапқан екен. Жұмыс уақытында ұйықтауды «инемури» дейді екен. Жапондықтар өте көп жұмыс істейді. Сондықтан әр уақытын тиімді пайдаланғанды жақсы көреді. Ұйқыға аз уақыт бөлінгендіктен метрода да мызғып алады екен. Кей кездері жолаушы көлігіне отырғанымызда отырарға орын таппаймыз. Отыратын орын болмасада тұрып ұйықтау үшін, мынадай зат ойлап тапқан. Адамдардың 90 пайызы балмұздақты жақсы көреді десем шатаспаспын. Құлпынай, фисташки, шоколад және тағы да басқа қоспасы бар балмұздақтарды білеміз. Әр кімнің өз таңдауы бар, өзінің сүйікті дәмі бар. Ал жылқы еті, осминог және кактус қосылған балмұздаққа қалай қарайсыз??? Қазіргі таңда технологиялардың дамыған заманы. Кофені автоматтан ала аламыз. Сондай-ақ кей тағамдарды сатып алған кезімізде сатушының қажеті болмай қалады. Мысалы автоматтан печенье, пончик және басқа да тәтті тағамдарды сатып алуымызға болады. Ал бұл халық барлығын автоматқа сала берген секілді. Жұмыртқаны автоматқа салып сатады.
Барлықтарыңыз Kit Kat шоколады жайлы естіген боласыздар. Жарнамадан, дүкеннен көріп жатамыз. Басқа шоколадтан айырмашылығы жоқ секілді. Дегенмен, Жапонияда Kit Kat-тың сан түрлі дәмі бар. Мысалы сіз қуырылған картоп немесе васаби қосылған шоколадтың дәмін көрер ме едіңіз?
Нұргүл САБАҚАНОВА