Показать содержимое по тегу: бақ
Бүгін «Дін саласындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған тренингі» атты БАҚ өкілдеріне арналған жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасының басшысы Нұрлан Шубаев осылай деп атап өтті.
Бүгін Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» МКМ-сі облыстың БАҚ өкілдеріне арналған «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жариялаудағы БАҚ-тың рөлі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді, деп хабарлайды silteme.kz.
22-24 мамырда Алматыда өтетін XVI Еуразия Медиа Форумының бағдарламасы жария етілді. Бұл жолғы басқосу «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбымен өткізіледі. Форум қонақтары арасында Facebook, Instagram, CGTN және ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы және тағы басқалар бар, деп хабарлайды Форумның қоғаммен байланыс қызметі.
1990 жылы қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданында Шоқан Уалиханов атындағы орта мектепті күміс белгіге бітірдім. Бір ғана орыс тілі пәнінен «4» болып, қалған сабағымның бәрі «5» болған. Мектепте оқып жүргенде мақала жазып жүретінмін. Соны ары қарай жалғастырайын деген оймен ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне құжат тапсырдым. Сол кезде бір тәртіп бар еді, алғашқы емтиханнан «5» деген баға алса, қалған үш емтиханды тапсырмайды. Сонымен, бірінші емтихан шығарма болды, одан «5» алып, оқуға түсіп кеттім. Осылайша журналистика факультетінің студенті болып шыға келдім.