балық шаруашылығы

Показать содержимое по тегу: балық шаруашылығы

Павлодардағы мектептердің бірінде оқитын сегізінші сынып оқушысы Әмір Қаратай бағалы балықтардың тұқымын өсіретін шағын ферма ойлап тапты.Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

Опубликовано в New generation

1926 жылға дейін барлық медреседе «Қисса сүл-әнбия» он екі пәннің бірі ретінде шәкірттерге оқытылған. Діни сауаты бар шәкірттер ауылдағы жиын-тойда шамның жарығымен қаумалаған әлеуметтің бәріне қиссаларды оқып беріп, елдің сауатын ашқан.
Қисса мен өлең болды жаттағаным,
Қағазға қалам алып қаттағаным.
Мал, шіркін, жер тезектей қала берді,
Басқаным – қой, ат болып – аттағаным, – дейді Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы.
Сол сияқты біз де қисса жаттап, ұрпаққа насихаттай отырайық. Бүгінгі айтылатын қисса балықта желбезектің пайда болуы жайлы. Қисса өзінің тарихын сонау Ыбырайым пайғамбардың дәуірінен тартады. 

 

Намрұт патша өзін «Құдаймын» деп жариялап, «Ыбырайымның Алласын садақпен атып өлтіремін» деп, елде жоқ алып садақ жасатады. Жебесі жүз құлашқа жетіпті. Ол Аллаға оғын атарда ішінен: «Уа, Алла мен сенің бар екеніңді білемін. Бірақ өзімді «құдай» деп айтып қойдым. Сөзімді қайтып ала алмаймын. Осы дүниеде тілегімді бер, ана дүниеде өзің біл» – депті. Ол оғын атқанда Ұлық Алла Жебірейілге:

– Оның оғына балықты тос. Жебесі зая кетпесін, – дейді. Жебірейіл солай жасайды. Жебе балықтың мойнын тесіп өтеді. Одан қан ағып, жерге тамшылайды. Намрұт қанды көріп, қуанады. Елге қанды көрсетіп:
– Қараңдар Ыбырайымның Құдайын өлтірдім, – деп жар салады.
Балық:
– Иә, Алла неге мені оққа тостың? – деді. Ұлық Алла:
– Балық қайғырма. Менің досым Ыбырайым қатты шөлдеп зынданда жатқанда, Намруд оған салқын су беріп еді. Сол сыйы үшін, мен оған сый жасап, жебесін бос қайтарғым келмеді. Есесіне сенің де ақыңды жемеймін. Бұдан былай адам үшін сен адал ас боласың. Сені кім ауласа да бауыздамай жей берсін, – деді. Балық Аллаға риза болды.
Балық осыдан бастап, адал асқа айналыпты. Оның желбезегі жебенің орны екен. Қаны сол кезде аққандықтан, оны сойғанда қан шықпайтын болыпты.
Ал, балықтың жерге аққан қанынан маса пайда болған деседі. Ол Намрудтың құлағына кіріп кетіп, ақыры ажалына себеп болған екен. Масаның көбіне су бетінде тіршілік ететіні өзінің судан жаралғанын білдірсе керек-ті.

Опубликовано в Руханият

Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қалалық жағажайында, су жағасына шығып қалған 245-ке жуық  итбалықтардың өлекселері табылды, деп хабарлайды silteme.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтей отырып.

Опубликовано в Қоғам

Аптап ыстықта өмір сүретін Африка жайынын таулы Түлкібас өңірінің шаруалары қолға алып, бұлақ суында өсіріп жатыр, деп хабарлайды egemen.kz.

Опубликовано в Бизнес

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер