ОҚО

Показать содержимое по тегу: ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы үш елді мекенге таза ауыз су келді. Жылдар бойына шешімін таппаған өзекті мәселеге республикалық және облыстық бюджеттен 525,2 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініп, тау етегінен магистралды суаққы құрылысы салынды. Осының нәтижесінде Теректі, Қаратас, Боралдай елді мекендегі 1684 тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді, - деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА.

Опубликовано в Шешімгер

Еліміздегі жылыжайлардың 75 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан болса, оның ішінде Сарыағаш ауданын - Оңтүстіктің жылыжай отаны деуге болады. Олай деп айтуымыздың себебі де бар, өйткені облыстағы жылыжайлардың  50 пайызы осы ауданға тиесілі болып отыр, - деп ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.

Опубликовано в Бизнес

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жоспардан тыс Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясовтың халық алдындағы есебіне қатысты. Жиынға сонымен қатар қала басшысы Нұрлан Сауранбаев пен жергілікті тұрғындар, ардагерлер мен мәслихат депутаттары қатысты, деп хабарлайды silteme.kz.

Опубликовано в Шешімгер

«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті.  Жиынға облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыс бойынша филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев пен саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қаладан сайланған делегаттар мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, - деп хабарлайды silteme.kz АА.

Опубликовано в Саясат жүзі

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігінің қолдауымен «Халықаралық білім беру – 2018» көрмесі өтті. Іс-шараның мақсаты – білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру, шетелде стипендиялық бағдарламалар арқылы білім алу мүмкіндіктері жайлы хабардар ету. Аталған жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебав арнайы қатысып, қонақтарға өңіріміздің білім саласындағы мүмкіндіктері мен әлеуетін таныстырып өтті, деп хабарлайды silteme.kz.

Опубликовано в Ұсыныс
Страница 15 из 26

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер