Показать содержимое по тегу: АҚалназаров
«Сұрапыл» сөзінің шығу тегі қазақтың түркі-исламдық діни-мифологиялық танымына барып тіреледі десек, не дер едіңіз?
1). «Отбасы хрестоматиясы» жобасы аясында жарыққа шыққан «Мың сұрақ» кітабында аталған лепестің шығу төркіні кеңінен баяндалған. Онда ол Адам ата мен Хауа ана пейіштен қуылып жерге түскен соң, Жебірейіл періштенің екеуіне үш уыс дән алып келуі баянымен байланыстырылған.
Діндар я ғылыми орта болмаса, былайғы көпшіліктің біле бермеуі мүмкін, алайда «сахар» (саһар), «сәрі», «сәресі» және орыстың «зарья» сөздерінің түбі бір және өзара байланысы бар.
Қалай дейсіз ғой?
Қазір айтамыз!
Екінші дүниежүзілік соғыс ылаңы миллиондардың өмірін қиды. Және де сол сұрапылдың салдары соғыстан кейінгі кезеңдерде талай ердің өмірімен ерте қоштасуына себеп болды. Сондай жанның бірі – майданда алған жарақатының қозуынан 57 жасында бақилық болған көкшетаулық азамат Шаужан Кенжеболатұлы Ыбыраев.
Шахмат ойынының басты фигурасы (тасы) «ферзьді» білмейтін адам жоқ шығар. Әсіресе, кәнігі ойыншылар оның жүрістік мүмкіндіктерін жақсы білсе керек. Ең мықты тас ретінде ол тақтада вертикаль, горизонталь немесе диагональ бойымен еркін қозғала алады және де ладья мен пілдің жүрістеріне бірдей ие. Материалдық құндылығы бойынша бір өзі шамамен тоғыз немесе он пешкіге тең. Орталық торшалардың бірінде тұрып бір мезгілде 27 торды, тақтаның шетінде тұрып 21 торға шабуыл жасауға қабілеттілігі ше?!
Енді осы тас атауының уәждемесі Ислам өркениетімен тікелей байланысты десек, не дер едіңіз?!