Сұхбат

Показать содержимое по тегу: Сұхбат

Соңғы кездері елімізде көптеген компаниялар үміткерді бетпе-бет сұхбатқа шақырар алдында онымен телефон арқылы сөйлесуді жөн көретін болған. Бұл бір жағынан уақытты үнемдесе, екінші жағынан үміткерлердің негізгі қабілеттерін бағалауға септігін тигізеді.

Опубликовано в Сарап Time

Сара Латиева – «Мен соғысты көргенім жоқ», «Бұлбұл», «Хадиша Бөкеева», «Туған жердің түтіні» кітаптарының авторы. Деректі проза жанрында қалам тербеген жазушының қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Бүгінде қалам ұстаған қазақ қыздарының көш басында тұрған қаламгермен әңгімеміз әдебиет төңірегінде өрбіді.

Опубликовано в Сұхбат

Қазақ әдебиетіндегі Үш бәйтеректің бірі – Ілияс Жансүгіров. Аласапыран заманда айдауға жөнелтіліп, Алматының іргесінде атылған Алаш арысының ұрпағы Саят Жансүгіровтің жасы бүгінде тоқсанға таяған. «Әкемнің тағдырын айту жүрегіме шаншудай қадалады» деген Саят Ілиясұлы бұған дейін бұрмаланып келген бірқатар деректердің ара-жігін ажыратып, баяндап берді. 

Опубликовано в Сұхбат

Ол ғалым да, табысты кәсіпкер де, халықты билеген басшы да емес. Ол - жары дүниеден ерте өтсе де, үш баласын өзі өсіріп жеткізген отбасы тірегі, асқар тау әке. Оның еңбекке құштарлығы мен бойындағы табиғи дарыны - кімге де болмасын үлгі-өнеге. Baribar.kz сайтының журналистері қиындыққа мойымаған батыр әке, бүгінде үбірлі-шүбірлі болып отырған мейірімді ата Қуандық Мырзабековтің шаңырағында қонақта болды.

Опубликовано в Сұхбат

Цифрлы  технологияларды өмірдің барлық саласына енгізіп, ел азаматтарына жедел, сапалы әрі ашық қызмет көрсету туралы ұстаным   көп мемлекеттің негізгі бағдарына айналды. Оның ішінде денсаулық сақтау саласын ақпараттық технологияларға көшіру – мамандардың айтуынша, медициналық қызмет түрлеріне деген қолжетімділікті арттырып, қағаз толтырудан қолы босамайтын дәрігерлерге көп уақытын науқасқа арнауға мүмкіндік беруі керек. Қазақстанның бұл саладағы жетістіктерін санамалап, кемшін тұстарына көз жүгіртіп көру үшін Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық денсаулық сақтау орталығының бас директоры Олжас Әбішевпен әңгіме құрған едік. 

Опубликовано в Сұхбат
Страница 8 из 14

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер