Білім гранттары Польша Үкіметі мен Қазақстан Үкіметі арасысындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 2016 жылғы келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Бакалавриат бойынша – 3 орын, магистратура -4 орын және докторантура – 4 орын бөлінеді. Үміткерлер білім алардан бұрын поляк тілін бір жыл оқуы тиіс.
Келісім бойынша студент тегін оқиды, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұра алады (шамамен 80 – 150 еуро), докторантура бағдарламасының студенттеріне шәкіртақы (шамамен 300 еуро) тағайындалады. Факультеттер мен білім беру мекемелерінің тізімін nawa.gov.pl сайтынан білуге болады, сондай-ақ сауалнамаға қосымша құжаттар талап етіледі.
Айта кетейік, үміткер Астанадағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесіне келіп талап етілетін құжаттар тізімі ұсынуы тиіс. Алайда соңғы шешімді поляк тарапы қабылдайды.