Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не?
02.01.2018, 09:06

Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не?

Егер сіз әлі күні жемісті қарым-қатынас орната алмай жүрсеңіз, онда бұл әлемге деген көзқарасыңызды өзгерту керек шығар. Бұл туралы bilimdiler.kz порталына сілтемемен silteme.kz АА жазды.

1. Өзіңізді тиісті дәрежеде құрметтемейтін боларсыз.
Қоршаған ортаның сізге деген құрметін сезіну үшін өзіңізді тиісті дәрежеде қадірлей біліңіз. Адам өзіне ойша және физикалық тұрғыда қамқорлық жасай отырып, басқалардың жағымды энергетикасын сезінеді екен.
Маған сенбесеңіз, бір ай бойы өзіңізге көңіл бөліп көріңіз.

Спортпен шұғылданыңыз, пайдалы тағам өнімдерімен тамақтаныңыз. Көбірек сұйықтық ішіңіз. Ұйқыға уақытылы жатыңыз. Ерінбей жұмыс істеңіз, уақытты алдын - ала жоспарлаңыз. Адамдармен жиі қарым - қатынас жасаңыз. Қарым - қатынас пайда үшін емес өз игілігіңіз үшін. Зиянды әдеттерден аулақ болыңыз. Өз ойыңды ашық бүкпесіз білдіріп үйреніңіз. Пайдалы кеңестеріңізді басқалармен бөлісіңіз. Сыни пікірлерді көңіліңізге жақын қабылдамаңыз. Оның қиын екенін білемін, сонда да. Егер сіз эмоциналдық тұрғыда жетілген жанмен қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, онда өзіңіз де соған сай болуыңызға тура келеді.

2. Сіздің қиялыңыз шындықтан алыс.
Кейбір адамдардың байланыс орната алмау себебі, серіктесіне еш нәрсе ұсынбай, есесіне одан көп нәрсе күтеді. Мысал ретінде көз алдыңызға елестетіңіз, азаннан кешке дейін түк бітірмей теледидар алдында жатқан еркек «өзіне ұнаған әйелдердің бәрі оның жан жарасын түсінбейді» деп шағымданады.


Адамдардың тағы бір түрі ара-қатынасты жақсарту үшін көп күш салады есесіне серіктесінен қажеттілігіне сәйкес үмітін толық ақтауын талап етеді. Мысалы, жап-жас сұлу әрі жоғары білімді бикешті алайық – оған қарым-қатынас орнату еш қиындық туғызбайды алайда байланыс ұзаққа бармайды. Біреуінің ұнамай қалу себебі – тыңдайтын әндері ұнамайды. Екіншісі – қарауыл болып жұмыс істегені ұнамайды. Осылай жалғаса береді.
Әрбір адамның бойында кемшілік кездеседі, сізге кездескен жанның да кемшілігі болуы – қалыпты жағдай.

Кемшіліксіз жанды іздеп әуре болмаңыз. Өз тәкаппарлығыңызды жеңіп кемшілігіңізді ескеріңіз және өзіңізге сәйкес жанды іздеңіз. Басқаларды кемшілігімен қоса қабылдауды үйреніңіз.

3. Жақын қарым-қатынас орната білмейсіз.
Бір қарағанда бәрі жақсы көрінетін адамдар бар – әдемі, ақылды, білімді, қызықты, талантты, табысты, белсенді бірақ әлі де жалғыз жүр. Олар тіпті жиі кездесуге де барады бірақ ұзақ қарым-қатынас орнату мүмкін болмайды. Мұндай жағдайда шешім біреу-ақ олар жақын байланыстың не екенін білмейді.

Қарым-қатынас сәтті болуы үшін әріптестер арасында терең эмоциялық байланыс болуы қажет.
Уақытты бірге өткізу жеткіліксіз, сонымен бірге ол адамға деген ерекше сезім болуы керек.
Егер бұл мәселе сізді мазалаған болса, ара-қатынасқа басқа жағынан қарау керек шығар. Бұл салғырт қарайтын мәселе емес. Қарым-қатынас – объективті тұрғыда өлшенбейді, мысалы, қаншалықты әңгіме-дүкен құру немесе уақытты бірге өткізуге байланысты емес.
Өзіңіздің жаныңыз жалғызсырап жүргеніңізді мойындаңыз, онсыз ешбір адаммен жақын қарым-қатынас орната алмайсыз.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер