Показать содержимое по тегу: Кеңес
Күйзеліс, қобалжу, эмоционалды тоқырау – атауы әртүрлі болғанымен, мәні бір. Тығырыққа тіреліп, шығар жол таба алмай қалған жағдай бәріміздің басымыздан өтті. Бүгін өміріңізді түбегейлі өзгертіп жібермесе де, оны жайлы етуге көмектесетін бірнеше кеңестердің тізімімен бөлісеміз.
Эрик Шмидт пен Джонатан Розенбергтің «Google қалай жұмыс істейді?» кітабына сүйеніп жазылды...
Бізден мансапқа байланысты жиі кеңес сұрайды. Бизнесін жаңадан бастаған кәсіпкерлер, оқу орнын енді ғана аяқтаған студенттер, бәрі дерлік өмірде өз жолын тауып, жетістікке жеткісі келеді. Егер бізді бақытымызға орай, университет бітірушілері алдында баяндама оқуға шақырса, онда ол мынадай болар еді.
Еліміздегі ипотеканың бір асқан кемшілігі – оның тым қымбат болуы. Мәселен, 2017 жылдың соңына Қазақстандағы ипотекалық несие нарығында 33 банктің 18-і қызмет етеді. Орташа тиімді мөлшерлеме 17,4 пайызды құрайды. 30 пайызға дейінгі бастапқы салыммен алуға болатын қарызды 12 банк береді.
Швецарияда психологтардың орташа жалақысы $ 88,304. Бұған қарап психолог мамандардың табысының жақсы екендігін аңғаруға болады. Ал бұл мақалада осы мамандарға қыруар ақша төлеп еститін кеңестерді тегін ести аласыздар. Психологтан шыққан адамдардан не естігенін білгіңіз келсе тура осы кеңестерді еститін боласыз. Өйткені басқа нұсқасы жоқ болғандықтан емес, бұл көп адамдарға сай келетіндіктен.
Таңертең төсектен тұру немесе көңілімізге жақпайтын іспен айналысу, я болмаса сансыз көп кездесулерге уақытынан кешікпей бара алмау – тәртіптің жоқтығынан. Тәртіптің жоқтығы тек жеке өмірімізде ғана емес, жұмыста, бизнесте, достармен қарым-қатынаста да кедергі болып, өзімізге деген сенімділікті жоя бастайды.