ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан мерекеге кетіп бара жатқан жас әртістер қаза тапты
15.11.2016, 12:31

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан мерекеге кетіп бара жатқан жас әртістер қаза тапты

ОҚО-да мерекеге кетіп бара жатқан жас әртістер жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД-нің баспасөз қызметіне жасаған сілтемесінде Sputniknews Қазақстан агенттігі.

ОҚО ІІД-нің хабарлауынша, Арыс қаласының тұрғыны КамАз автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс бағытына шығып кетіп, Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысып, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында Volkswagen Passat автокөлігінің 5 жолаушысы қаза тапты: 1988, 1997, 1998 жылдары дүниеге келген үш қыз және 2001, 2002 жылдары туған тоғызыншы сыныптың екі оқушысы. Қаза тапқандар Шардарада өтетін мерекеге қатысуға кетіп бара жатқан әртістер болатын.

Жарақат алған жеңіл автокөлік шопыры аудандық ауруханаға жеткізілді. Жедел іздестіру шараларының барысында Арыс АІІБ қызметкерлері қашып кеткен шопырды құрықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Сараптама нәтижесі бойынша 57 жастағы ер адамның орташа деңгейде мас болғаны анықталды.

Бұл факті Арыс АІІБ СТБР-не екі бап бойынша тіркелді: 345-бап "Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көліктік құралдарды басқарушы тұлғалардың көліктік құралдарды басқару ережесін бұзуы" және 347-бап "Жол апаты болған жерден кетіп қалу".

Екі автокөлік айыппұл тұрағына әкелінді. Бірнеше сараптама тағайындалған. Сот алды тергеу ісі жүргізілуде.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер