3-4 қызылшаны қабығынн тазалап, жұқалап тіледі. Тілімдерді үш литрлік банканың түбінен үш елідей биіктікте салады. Сонан соң үстіне қайнатылған немесе бұлақтың салқын суын құйып, бетін дәкемен жауып қояды. Бір тәулік өткен соң ағаш қасықпен араластырып, 7-8 күн тұндырады. Дайын болған қызылша тұнбасын сүзіп, тоңазытқышқа салып қояды. Тұнбаны жылытып, шөлдеген сайын ішу керек. Тұнбаның біреуі дайын болғанда, келесісін құйып қойса, сусын үзілмейді. Мұндай емнен соң бүйрек пен өт жолына жиналған тастар жанды қинамай түсе бастайды. Сонымен қатар қызылша тұнбасын ішкенде қан қысымы да айтарлықтай төмендейді, ал ішек жолдарының жұмысы жақсарады. Егер мүмкіндік болса ультрадыбыстық зерттеуден (УЗИ) өтіп, нәтижесін тексерген дұрыс.
©kenester.kz