Киім үтіктеу құпиялары
26.01.2018, 17:25

Киім үтіктеу құпиялары

Ең бастысы үтіктейтін киім – таза болуы шарт.
Үтіктемес бұрын киімнің тесіктері болса, жамап-жасқап қою керек. Әйтпесе, ыстыққа киім созылып, жыртығы ұлғайып кетеді.
Жуылған заттар қатты кеуіп кетпесін. Қаудыр-лап кепкен болса, кір үтіктейтін үстелге ақ жайманы сулап, дымқыл күйінде жайып, соның үстіне үтіктейді.

Дымқыл күйінде жинап қойған заттар иістене бастаса, сірке суы құйылған суда қайта жуып, әбден шайқаңыз.
Жібек киімді ішкі жағынан ыстықтау үтікпен үтіктейді. Су бүркуге 
болмайды, су тиген жерлері бүріліп, қыртыстар пайда болады.
Зығыр және мақтадан тігілген киімді дымқыл кезде ыстық үтікпен сыртқы бетінен үтіктейді.
Жүн матадан тігілген заттар тез отырады, сол себепті ішкі жағынан  сулы шүберекпен үтіктейді.
Томпайтып тоқыған өрнектері бар киімді жұмсақ нәрсенің үстіне қойып, шүберек жауып, қатты баспай, суретінің бағыты бойынша үтіктейді.
Терезе жапқыштарын жақсылып керіп, түйреуіш-термен қыстырып қойып үтіктеген жөн. Синтетиканың  ыстық үтіктен пырысып қалатыны бар, сақ болу керек.

Барқыт пен мақпалды ілулі күйде, теріс жағынан су бүркіп, үтікпен жанамалап қана жүргізіп отырған жөн. Мұнда үтіктен гөрі, ыстық будың ықпалы қызмет атқаратыны есте болсын. Буға бөккен кезде ғана мата талшығы өз қалпына келеді.
Киімнің желбірлерін алдымен шет-шетінен, содан соң тұтастай үтіктеп шығады.
Қиықтай пішілген заттарды тоқылған жібінің ұзына бойын қуалап үтіктер болар.
Алабажақ мақта-матадан тігілген заттарды өңі кіріп, ашылуы үшін жуғаннан кейін шайқайтын суға аздап сірке суын қосады. Үтіктегенде де сірке суы қосылған сумен шыланған шүберек арқылы үтік басады.
Төсек-орын тыстарын: сейсеп, жайма, жапқыштарды әр кезде әртүрлі етіп бүктейді. Олай болатыны, ылғи бір жерінен бүктелсе, қыр түскен тұстары тез жыртылады. Ал крахмалдар болсаңыз, оған аздап тұз қосыңыз, сонда үтік матаға жабыспайды.
Үтіктеген кезде аздап күйдіріп алсаңыз, сол жерін бор қышқылы ертіндісімен дымдап, одан соң бөлме температурасындағы сумен жуып жіберіңіз.

©kyzdaralemi.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер