Жаңа жылдық хат жазғыңыз келсе... Аяз атаның е-поштасы қандай?
25.12.2017, 09:06

Жаңа жылдық хат жазғыңыз келсе... Аяз атаның е-поштасы қандай?

Жаңа жылдың адам ретіндегі бейнесі шынайы өмірде жоқ екені ешкімге құпия емес. Алайда Жаңа жылдық сиқырлық пен таңғажайып атмосфераны толықтай жеткізу үшін кейбір елдерде Аяз Ата мекені жасалған. Бұл туралы бұған дейін el.kz танымдық порталында жазылған еді. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

Әлем бойынша ең кең танылғаны – Лапландия, Рованиеми (Финляндия) мекені. «Санта Клаус ауылы» атауымен белгілі демалыс орны Санта Клаустың ресми мекенжайы болып саналады. Егер де Жаңа жылдық хат жолдағыңыз келсе, онда Joulupukin Kammari, Joulupukin Pajakylä, Joulumaantie 1, 96930 Rovaniemi адресіне жіберуге болады. Және де Санта Клаустың жеке пошта қызметі де бар. Сол арқылы Жер шарының кез келген жеріне хат жіберу мүмкіншілігі қарастырылған. Ал егер де қолдан жазылған хатты жіберу ескіліктің белгісі деп ойласаңыз, электронды поштаны пайдалуға болады. Сантаның е-поштасы: info@santaclauslive.com.

Санта заманауи технологияларды жақсылап мергенген секілді. Себебі, оның өзі жүргізетін блогы, тұратын жерін көрсетіп тұратын онлайн камерасы бар. Мүмкін алдағы жылдары шанасы мен бұғыларын реактивті ұшаққа ауыстырып жатар. Айтпақшы, сіздер де Сантаның үйіне қонақ ретінде баруға болады. Рудольф бастаған бұғаларына мініп, Қар әлемін шана үстінде отырып аралай аласыз. Ал қайтар жолда жақындарыңызға сыйлық алып қайтуды ұмытпаңыз.

Қар оранған әлемде жақсылап демалып, Жаңа жылда керемет атап өтуге болады. Келушілерге арналған үлкен кешенде демалуға керектінің бәрі бар. Ең бастысы 6 ай бойы түн кетпейтін мекенде боласыз. Сонымен қатар Санта да жаныңызда. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер