Показать содержимое по тегу: талқы
Маңғыстаудан шыққан талантты зерттеуші Серікбол Қондыбай ноғайлы жырларының генезисіне арналған еңбегінде «Қырымның қырық батыры» жырлар циклін туғызған поэтикалық орта – Маңғыстау мен Үстірт деп таниды. Ол Мұрын жыраудан жазып алынған «Қырымның қырық батыры» жырлар циклі бойынша 112 топонимнің 32-сі Маңғыстау мен Үстіртте бар немесе осы географиялық кеңістіктегі жер-су атауларына жуықтайды, қалған топонимдер Атырау, Ақтөбе облыстары мен Қазақстанның Түркіменстан, Қарақалпақстанмен шектесетін аймағында орналасқан елді-мекен атаулары деп көрсеткен.
Алтын Орда хандарының ақылшысы, халық қамқоры болған Едіге батырдың Тоқтамыспен арадағы соғысын арқау еткен аңыз-әңгіме, дастан-жырлар халық арасында кеңінен тараған. Оның өмірі мен соғыстары туралы жырлар қазақ қана емес, татар, ноғай, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт, құмық, түрікмен, т.б. халықтар арасында да кездеседі. Жырдың дәстүрлі нұсқаларын кезінде Ш.Уәлиханов, П.М.Мелиоранский, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, И.Н.Березин, А.Беляев, Н.И.Веселовский, Ә.Диваев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов сияқты ғалымдар мен жазушылар зерттеп, жоғары бағалаған.
Едіге Құтлу Набанұлы 1352-1419 жылдар аралығында Қаратаудың теріскей бетіндегі Құмкент шаһарында туып, ғұмыр кешкен әйгілі би.
Оңтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының кезекті отырысы өтті. Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында өңіріміздегі су қоймаларының бүгінгі жай-күйі талқыланып, көктемгі тасқынның алдын-алу шаралары пысықталды, деп хабарлайды silteme.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан жер заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының құрылғаны белгілі. Ол жер реформасы жөніндегі комиссияның ұсыныстары негізінде жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр. Мәжілістің қарауына бұл заң жобасы қарашада ұсынылмақшы. Жұмыстың қалай жүріп жатқанын ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлжаһан Бимендинадан сұрап білдік.