Показать содержимое по тегу: Байқау
Жыл сайын «Өз кәсібінді аш» атты әлеуметтік жобалар байқауы өткізіледі. Биыл осы конкурсқа Талдықорғандық Баялышбаев Елдос пен Қарабасов Нұрболат қатысып, грант иегерлері атанды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды, деп хабарлайды silteme.kz АА.
Оңтүстік Қазақстан облысында "Ońtústik ónimi" байқауы басталды. Байқаудың мақсаты - Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты» Жолдауындағы индустрияландыру, жаңа технологияларды енгізу бағыттары аясында Оңтүстіктің төл өнімдерін көрсетіп, насихаттау. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz АА.
18 қаңтардан бастап II «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысуға өтінімдер қабылдана бастады, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі баспасөз қызметіне сілтемемен silteme.kz AA.
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға тағайындалатын мемлекеттік гранттарға байқау жарияланды, деп хабарлайды silteme.kz.
2017 жылдың 14 шілдеден 20 тамыз аралығында Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы этносаралық келісімді нығайту тақырыбы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері арасында «Бірлік жаршысы» атты қалалық байқау өткізеді.