Показать содержимое по тегу: талдықорған
Аталмыш фильм Талдықорған қаласында түсіріліп, екі жастың арасындағы махаббат хикаясын баяндайды. Туындының мақсаты осы ұлы сезім арқылы қаланың әдемі сәулет құрылысын көрсете отырып, қазіргі таңда қоғамдағы маңызды мәселелердің бірін қозғау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды, деп жазады silteme.kz АА.
Жыл сайын «Өз кәсібінді аш» атты әлеуметтік жобалар байқауы өткізіледі. Биыл осы конкурсқа Талдықорғандық Баялышбаев Елдос пен Қарабасов Нұрболат қатысып, грант иегерлері атанды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды, деп хабарлайды silteme.kz АА.
Өтірік өрге баспады. Осыдан екі жыл бұрын апатқа ұшыраған Су-27 ұшағының штурманы төрт жылға сотталды. О баста қозғалтқыш істен шығып, амалдың жоқтығынан секіріп кеттім деген Әділбек Ысқақовтың өзі осы жайтқа айыпты деп танылды. Жанармайдың бар-жоғын тексермеген ұшқыштың «ұшқалақтығы» ұзақ тергеу мен зерттеуден кейін дәлелденген, деп хабарлайды КТК арнасы.
Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің студенттері жемқор оқытушылардан шаршағандарын айтып, әлеуметтік желі арқылы өз наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.