Показать содержимое по тегу: бақ
Биылғы оқу мерзімі де аяқталуға таяу. 25 мамыр – соңғы қоңырау. Күзде мектеп табалдырығын аттаған әрбір түлек мамыражай мамыр келсе, демалысқа асығады. Асықпайтын бір ғана сынып бар, ол – мектеп бітіруші түлектер. Алда – ҰБТ. Жоғары оқу орнына түсуге талпынған әрбір бала ҰБТ тапсыруға міндетті. Тапсырғысы келмейтіндер болса, ол да өз еркі. Баланың қалауы да ескеріліп отырады. Әрине, кез келген ата-ана баласының жоғары білімді азамат атанғанын қалайды. Әрі кәмілет жасына толған жеткіншектің өз елінің бір кірпіші болып қаланса дейді.
Алматыда XV Еуразиялық медиа форумы өтіп жатыр. Тәуелсіз сарапшы Саясат Нұрбек форумның маңыздылығымен қатар, ғарыштық жылдамдықпен таралып жатқан ақпараттың ақ-қарасын ажыратып, сараптау өзекті проблемаға айналғанын айтты.
Соңғы 15 жылда әлем қалай өзгерді?! Эволюцияның қарқынды дамуынан адамзатқа келген пайда мен зиян қандай?! Осы сұрақтарды негізге алған Еуразиялық медиа форум Алматыда салтанатты түрде ашылды. Дәстүрлі жиынға қатысу үшін 60 елден журналистер, саясаткерлер және экономистер келген.
Кеше Алматыдағы «The Ritz Carlton, Almaty» қонақүйінде «Эволюцияның 15-ші жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем» атты Еуразиялық медиа-форум өз жұмысын бастады.