Показать содержимое по тегу: гүл
Нәзік жандылар қауымының төл мерекесі қарсаңында гүл бизнесінің ерекше қызатыны белгілі. Бұл сәтті тек гүл сатушылар ғана емес, оны өзіне сыйлыққа алушылар да ұтымды пайдаланып қалмақ болған. Желіде тараған мына бір хабарландыру соған дәлел бола алады. Онда әлдекім бойжеткен өзіне тарту етілген кереметтей раушан гүлдерді ғаламтор арқылы сатылымға шығарып, пайда көргісі келгенін аңғаруға болады.
Әлемді әдемі гүлсіз елестету мүмкін емес. Осынау бір тылсым табиғатқа гүл өз сәнін беріп тұрғандай. Ата-бабаларымыз ару қыздарын гүлге теңеген және есімдерін де гүл сөзімен байланыстырып қойған.Мысалы, Гүлназ, Гүлмира т.б. Енді сол әдеміліктің нашаны болған әдемі гүлдерді қалай сыйлау керектігіне тоқталсақ.
Гүл өсірген әйел сұлулыққа әуес болатыны, көңіл күйі көтеріңкі жүретін, жайдары мінезді болып келетіні бар. Оның үстіне бөлме гүлдерінің үйге жылулық сыйлайтын қасиеті де жоқ емес. Олай болса, гүл өсіріп үйренейік.