Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері 7-11 қыркүйек аралығында өтеді
06.09.2019, 22:56

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері 7-11 қыркүйек аралығында өтеді

Мәскеу қаласында Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндерінің ашылуына байланысты баспасөз-конференциясы өтті, - деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз-қызметі.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, ертең, 7 қыркүйек күні ХШЖК (Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі) негізгі сахнасында «Астана Балет» театрының қатысуымен мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтеді. Сондай-ақ Ұлттық музей қорындағы жәдігерлердің көрмесі ұйымдастырылмақ. Сенбінің кешінде Ресей астанасының аспанында танымал опера әншісі Әлібек Дінішев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова, «Астана сазы» этно-фалькорлық ансамблі, есімдері Ресей жұртшылығына жақсы таныс жас таланттар Ержан Максим мен Данелия Төлешевалар ән қалықтады.

- Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас өте жақсы дамып келеді. Қазақстанның мәдениет күндерін өткізудегі басты мақсатымыз – ресей жұртшылығын қазақ халқының өнерімен, дәстүрімен, мәдениетімен таныстыру. Ертең ашылатын шара РФ Мәдениет министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2017-2019 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағдарламасы аясында өтіп жатыр, - деді баспасөз-конференциясында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

8-9 қыркүйек күндері Мәскеу тұрғындары мен қонақтары қазақстандық «Әміре», «Алтын тақ» киноларын тамашалай алады.

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері 7-11 қыркүйек аралығында өтеді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер