Димаш Құдайберген «I'm in China» жобасы аясында бірінші ресми елші атанды
20.02.2017, 03:02

Димаш Құдайберген «I'm in China» жобасы аясында бірінші ресми елші атанды

Қытайда үлкен танымалдылыққа ие болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «I'm in China» жобасы аясында бірінші ресми елші ретінде пандалардың қорығында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемдік жануарларды қорғау ұйымының логотипінен панданың суретін көргенде «не себепті дәл осы жануар қызыл кітапқа еніп жатқан мыңдаған тіршілік иесінен бірінші орында үлкен назарға ие?» деп ойлайтын боларсыздар?! Бұл жануардың әлем бойынша 2 мыңға жуық қана саны қалыпты. Өмір сүрулері ерекше! Мінездері адамға ұқсас. Ренжіп қалады, еркелейді!... Мен кеше олармен кездестім...», - деп жазды әнші Инстаграмдағы өзінің парақшасына.

Димаш Құдайберген «I'm in China» жобасы аясында бірінші ресми елші атанды

Димаш Құдайберген «I'm in China» жобасы аясында бірінші ресми елші атанды

Сондай-ақ Димаш Құдайберген Қытайдың Сычуан өлкесі жер жүзіндегі барлық пандалардың отаны болып табылатынын айта келе, олармен жақынырақ танысу үшін Чанду қаласына арнайы ұшып барғанын жазды. «Әлем бойынша тұңғыш рет "I'm in China" жобасы аясында пандалармен жүздескен ресми 1-ші елші атандым! Ақыл-санасы жетік әр адам баласы Алланың жаратқан әр тіршілік иесіне мейіріммен қарауы тиіс!», - дейді ол. Еске салайық, осы күндері отандасымыз Қытайдың Hunan.TV телеарнасындағы «Singer» ән байқауына қатысып жатыр. Бүгінгі уақытқа дейін байқаудың 6 кезеңі өтті, барлығы 10 кезеңнен тұрады. Димаш олардың барлығында да қажетті дауыстар жинап, келесі кезеңге өтіп отырды. Ерекше талантымен қытайлық көрермендерді тамсандырған ол, бірнеше кезеңде алғашқы орыннан көрінді.

Димаш Құдайберген қытайлық сахнада  француз тіліндегі «SOS d'un terrien en détresse» композициясын, 28 қаңтар күні өткен екінші кезеңде ресейлік Витастың «Опера №2» әнін,  Queen тобының «Show must go on» әнін,  қытай тілінде «Күзгі мұң», Питер Джин Эрнандестің (Бруно Марс) репертуарынан «Uptown Funk» әндерін және соңғы өткен 6-кезеңнің түсірілімінде әлемге танымал әнші Лара Фабианның  репертуарынан «Adagio» әнін орындады.  Бұл кезең Қытай телеарналарының эфирінде 25 ақпан күні көрсетіледі. Қытайлық әлеуметтік желілердің жазуынша, Димаш аталмыш соңғы кезеңде бірінші орынға қол жеткізді. Айта кетейік, «I am singer» байқауының ережесіне сәйкес, іріктеу кезеңі 5 айналымнан, әр айналым 2 кезеңнен тұрады (жалпы 10 кезең). «Жұбату» белдесуі, жартылай финал және екі кезеңнен тұратын финалмен жеңімпаз анықталады. Финал тікелей эфирден көрсетіліп, іріктеу кезеңі алдын ала түсірілімнен кейін көрсетіледі.

I айналым: 21 және 28 қаңтар

II айналым: 4 және 11 ақпан

III айналым: 18 және 25 ақпан

IV айналым:  4 және 11 наурыз

V айналым: 18 наурыз, 25 наурыз

Жұбату белдесуі: 1 сәуір

Финал: 8 және 15 сәуір күндері.



Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер