Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 6-кезеңінде жеңіске жетті
16.02.2017, 11:50

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 6-кезеңінде жеңіске жетті

Димаш Құдайберген қатысып жатқан «Singer» байқауының 6-кезеңінің нәтижесі белгілі болды, деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қытайдың әлеуметтік желілері жарыса жазып жатыр. Отандасымыз  бұл айналымда әлемге танымал әнші Лара Фабианның  репертуарынан «Adagio» әнін орындап, бірінші орынды иеленген.

  «Сүйінші! Димаш тағы шулатты! Бірінші орын! Кеше «Singer» байқауының келесі айналымы өтті. Димаш пианиномен «Adagio» әнін өте жоғары деңгейде орындап, көрермендерді жылатты. Әннің ортасына келгенде жұрттың бәрі орындарынан тұрып, қол соқты.  «Димаш, Димаш», деп жанкүйерлердің айғайлаған үні бір сәтке толастамады», - деп жазылған   Қытайдағы Wechat әлеуметтік желісінде.

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 6-кезеңінде жеңіске жетті

  Айта кетейік, бұған дейін Димаштың өнеріне тәнті болған әлемге танымал әнші Лара Фабиан оны өзімен кездесуге шақырғанын жазған болатынбыз.  «Singer» байқауының 5-кезеңі Астана уақытымен 18 ақпан күні сағат 20.30-да Hunan.TV телеарнасынан көрсетіледі. Бұл кезеңде Димаш Құдайберген «Uptown Funk» әнімен бесінші орынды иеленген еді.   

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 6-кезеңінде жеңіске жетті



Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер