Показать содержимое по тегу: Зейін Әліпбек
Silteme.kz порталының «Іскер Talks» жобасы аясында бұл жолы назарларыңызға ҚР Мәдениет қайраткері, журналист Зейін Әліпбектің «Сақшы» газетіне берген ілкімді сұхбатын ұсынамыз.
1990 жылы қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданында Шоқан Уалиханов атындағы орта мектепті күміс белгіге бітірдім. Бір ғана орыс тілі пәнінен «4» болып, қалған сабағымның бәрі «5» болған. Мектепте оқып жүргенде мақала жазып жүретінмін. Соны ары қарай жалғастырайын деген оймен ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне құжат тапсырдым. Сол кезде бір тәртіп бар еді, алғашқы емтиханнан «5» деген баға алса, қалған үш емтиханды тапсырмайды. Сонымен, бірінші емтихан шығарма болды, одан «5» алып, оқуға түсіп кеттім. Осылайша журналистика факультетінің студенті болып шыға келдім.