Қазақстанда мектеп бағдарламасы жеңілдейтін болды
12.05.2018, 12:47

Қазақстанда мектеп бағдарламасы жеңілдейтін болды

Қазақстанда мектеп бағдарламасы жеңілдейтін болды Азаттық радиосы

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде типтік оқу жоспарларын жеңілдету бағытында жұмыстарға кірісті.

«Сарапшылардың көпшілігі біздің балалардың мектептегі жүктемесіне ауыр екенін растап отыр. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы назар аударған еді. ТМД және ЭЫДҰ елдерімен салыстырсақ, біздің типтік оқу жоспарларымыздың артық жүктемесі бар. Қазіргі кезде министрлік тиісті жұмысты іске асырып жатыр, осы орайда жұмыс тобы құрылды. Бұл бағытта сарапшылармен, әдіскерлермен және педагогтық қоғамдастықпен консультациялар жүріп жатыр», – деді Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл тұрғыда ол мектеп бағдарламаларын жеңілдету ауқымды талдау жұмыстарын қажет етіп отырғанын сөз етті.

«Оқу бағдарламасын жай ғана қысқарта салу қисынсыз әрекет. Бұл ретте білім саласы алдында тұрған мақсаттарды ескеру керек, сонымен қатар қоғам үшін қажет мектеп түлегіне қойылатын талаптар пысықталуы тиіс. Сондықтан осы өзекті мәселелерді ескере отырып, шешім қабылдау қажет. Сәйкесінше, бұл бағытта білікті сарапшылар өз бағасын беруі орынды болар еді», – деп түйді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл ақпан айында Мәжілісте орта білім мәселелеріне арналған отырыста Бекболат Тілеухан баласы теңертеңнен кешке дейін мектепте екенін айтып, наразылығын білдірген еді.

 

©Еркеназым Амангелдіқызы   kazinform.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер