Golden mango melody awards - Димаштың тағы бір жетістігі
27.12.2017, 11:08

Golden mango melody awards - Димаштың тағы бір жетістігі

Димаш Құдайберген «2017 Golden mango melody awards» шарасында «Жылдың үздік танымал əншісі» номинациясы бойынша марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әншінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Жеңіс! «Golden mango melody awards» марапатында жылдың үздік танымал əншісі атандым. Осының бəрі өздеріңіздің арқаларыңызда, құрметті тыңдарман қауым», - деп жазды Димаш.

Сондай-ақ, отандасымыз Қытайдағы кезекті «D-dynasty» ән кешінің 5 қаңтар күні Фучжоу қаласында өтетінін хабарлады.

Айта кетейік, Димаш ағымдағы жылдың басында Қытайдың «Singer 2017» ән додасында екінші орын жеңіп алып, Қытай және басқада елдеріндегі танымалдылығы арта түсті. Сонымен қатар, ол Қытайдың көптеген музкалық марапаттарын қанжығасына байлады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер