Показать содержимое по тегу: сүт
2016 жылы 15 мың жеке қосалқы шаруашылықты қамтыған 157 кооператив құрылыпты. Олардың базасында жүзден астам сүт қабылдау пункті мен жеті мыңнан астам отбасылық бордақылау алаңы ұйымдастырылған екен. Ал а.ж. 30 мамырға дейін 286 бірлік тіркелсе, оның 102-сі сүт дайындау бойынша көрінеді.
Жалпы, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламада басымдық берілген сала ретінде сүт қабылдау орындарының халық арасында кең тарай бастағаны жасырын емес.
Осы орайда, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылының «Шәуілдір-сүт» ауыл шаруашылығы кооперативіне ат басын бұрған едік.
Павлодар облысына Белоруссиядан арнайы іс-сапармен келген делегацияға «Пахарь» шаруа қожалығы картоптың жаңа сортын көрсетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Мал бордақылау алаңдарын және сүт қабылдау пункттерін кепілдіксіз сатып алу үшін Министрлік тарапынан несиелендірудің қолжетімділігін қамтамасыз ететін жүйе әзірленді. Бұл туралы Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов мәлімдеді, деп хабарлайды silteme.kz.
««ҚазАгро» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары арқылы лизингке бере отырып, бастапқы жарна ретінде инвестсубсидиялар қарастырылады және бұл қаржыға кепілдікке сатып алынатын жабдықтар алынады.Отандық компаниялармен нарықта модулді сүт қабылдау пункттері ұсынылған. Олар аз шығынды және арнайы орындар мен қондырғыларды монтаждауға қосымша шығынды қажет етпейді. Тек энергия және сумен қамтамасыз ету желісінің болуы қажет», - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, Қ.Айтуғановтың айтуынша, әрбір облыста пилотты аудандарды аңықтау жұмыстары басталды және де осы аудандарда шаралардың талаптарына сай келетін кооперативтер құрылатын болады. Одан кейін, аталған кооперативтердің тәжірибесі басқа өңірлерде таралуға пайдаланылатын болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің алдына халықты жұмыспен қамту, кәсіп ашуларына көмектесу мәселесін ұдайы қойып келеді. Мемлекет басшысы бұл тұжырымын «100 нақты қадам», «Ұлт жоспары» негізінде үйлестіруді тапсырды. Ол үшін ел экономикасының барлық мүмкіндіктері жеткілікті. Осы тапсырманы орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі бірнеше жаңа жобаны қолға алып, жүзеге асыруды бастады.