Показать содержимое по тегу: Абылайхан Мамырайханұлы
Кеше Ұлттық академиялық кітапханада мәдениеттанушы-философ Абылайхан Қалназаровтың «ШЫМКЕНТТІҢ ЖҰМСАҚ КҮШІ. Шымкент қаласының брендін тиімді басқару мен имидж-идеологиясын ілгерілету бойынша коммуникативтік стратегия (Талдаулар мен ұсыныстар)» атты тұңғыш қазақша саяситехнология кітабының тұсауы кесілді. Автордың айтуынша, аталмыш еңбектің алғашқы нобайы 2021 жылдың 14 шілдесінде бітсе, толыққанды 2022 жылдың ақпанында тәмамдалып баспадан шыққан. Алайда қаржылық және ұйымдастырушылық себептерге байланысты 1 жыл кешігіп, биыл ғана презентацияланып отыр.
Сонымен, біз, оқырмандар тарапынан «Шымкенттіктердің табыс кітабы» атанып үлгерген талдамалық-ұсынымдық туындының қалай жазылып, онда нендей мазмұн қамтылғаны және тағы да басқа сауалдар айналасында сұхбат жүргізген едік.