Әскери қызметшілер мемлекет есебінен тамақтанады
26.10.2016, 14:45

Әскери қызметшілер мемлекет есебінен тамақтанады

  1. Әскери қызметшілер жұмыс күндері мемлекет есебінен тамақтануы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов айтты, деп хабарлайды Вaq.kz. 

    Оның айтуынша, заң жобасы арқылы 18 заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

    «Облыстар, Алматы мен Астана қалалары әкімдіктері жанындағы аумақтық қорғаныс басқармаларын аумақтық әскерлер басқармасына өзгерту арқылы оларға әскери бөлімшелер мәртебесін береміз. Оларды Қарулы күштердің құрамына қоса отырып, аумақтық қорғанысты елдің жалпы қорғаныс жүйесіне интеграциялауға қатысты өзгерістер енгіземіз», - деді Сәкен Жасұзақов.

    Қорғаныс министрі жаңа заңда Әскери қызметшілерді мемлекет тарапынан тамақтандыру нормасы қарастырылғанын атап өтті.

    «Заң жобасында ұдайы жауынгерлік әзірлік бөлімдеріндегі офицерлік, қатардағы және сержанттық құрамдағы әскери қызметшілерді жұмыс күндері мемлекет есебінен тамақтандыруға мүмкіндік беретін норма енгізіліп отыр», - деп түйіндеді министр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер