Қазпочта жеке кредиттік есептерді ұсынады
26.10.2016, 13:48

Қазпочта жеке кредиттік есептерді ұсынады

«Қазпочта» АҚ «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС кредиттік есептерін алуға мүмкіндік беретін жаңа қызмет іске қосылды деп хабарлайды Silteme.kz.  

Енді қазақстандықтар кредиттік есептерін еліміздің 1688 пошта бөлімшесінен электронды-цифрлы қолтаңбасы мен интернетке шығу мүмкіндігі жоқ болса да ала алады.

  1.  «Пилоттық жоба 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы облыстық филиалындағы 50 бөлімшеде іске қосылған. Қаңтар мен қазан айлары арасында Қазпочта бұл қызметті клиенттердің ыңғайына келтіру барысында қызметпен 1000 шақты адам қолданды. Нәтижесінде «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС мен Қазпочтаның ақпараттық жүйелерінің интеграция процессі жетілдірілді» - деп Байрам Азизов, «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі бөлісті.
  2. Серіктестік барысында «Қазпочта» АҚ жеке тұлғаларға «Кредиттің тарихын бақылау» мен «Кредит бойынша дербес есептерді» және заңды тұлғаларға «Корпоративтік кредиттік есептерді» ұсынатын болады.
  3.  «БКБ мен Қазпочта арасындағы серіктестік еліміздің ең қашық аумақтарында тұратын азаматтарымызға өзінің кредиттік есептемелерін білуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік  белсенділік саясаты мен серіктестер желісінің өсуінің нәтижесінде, 2016 жылдың басынан 145 мыңнан астам кредиттік есептер берілді. Ал «Қазпочта» АҚ –мен басталған стратегиялық серіктестіктің нәтижесінде келесі жылы бұл көрсеткішті екі есе көтеруге жоспарлаймыз» - деп Асем Нургалиева, Бірінші кредиттік бюроның бизнесті дамыту директоры баяндады.
  4. Сонымен қатар, жыл бойы барлық қазақстандықтар ең алғаш кредиттік есебін тегін ала алады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер