Қазығұрттық диқандар жылыжайдан 20 мың тоннаға жуық көкөніс жинады
26.10.2016, 11:46

Қазығұрттық диқандар жылыжайдан 20 мың тоннаға жуық көкөніс жинады

  1. Қазығұрт ауданында бүгінде жылыжай көлемі 90 гектарға жетіп отыр. Осы маусымда аталған жылыжайдан қазығұрттық диқандар 19875 тонна  көкөніс, 4647 тонна бақша дақылдарын жинады. Мұнда әр маусымда 200-дей азамат еңбек етеді, деп хабарлайды Silteme.kz. 

Таулы аймақта жылыжай салуда тұрбаттықтар озып тұр. Солардың бірі «Рахмат ата» шаруа қожалығы. Ел алғысына бөленген ұжым 20 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік 1,6 гектар жерде «Атия» қызанағы мен «Туми» қиярын егіп, бүгінде екінші кезеңнің дақылдарын жинауда.

ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Тұрбат ауылының халқы жылыжай шаруашылығын дамытуға бейімделген. Жиырма гектардан астам жердің әр гектарынан 100 тоннадан астам бау-бақша дақылдарын жинап алып отыр.

Айта кеткен жөн, аудан шаруалары отандық өнімді Шымкенттен бөлек, Алматы, Астана қалаларына жөнелтуде.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы орталықтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстандағы жылыжайлардың 87 пайызы осы біздің облыста орналасқан. Олардың жалпы көлемі 1 мың гектардан асады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер