Қайрат Түнтеков жеке концертін өткізеді
16.01.2018, 17:55

Қайрат Түнтеков жеке концертін өткізеді

Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова Фото: time.kz

Қайрат Түнтеков "Алматы-Аренада" жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Today.kz порталы 31 арнаға сілтеме жасап. 

Әнші жеке концертін наурыз айында береді. Концерттен кейін Түнтеков халықаралық байқауға аттанбақ ниетте. 

"Бәрінің жоғары деңгейде өткенін қалаймын. Жанды дауыс қана емес, дыбыс пен жарық та жоғары деңгейде үйлесім табады деп үміттенемін", - деді Қайрат. 

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Түнтеков 2013 жылы Toyota Camry 40 автокөлігін тізгіндеп келе жатып Toyota Land Cruiser 100 көлігін соққан болатын. Көлік ішіндегі қыз миы шайқалып, көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қайрат Түнтеков 40 күн абақтыға жабылып, жәбірленушінің шығынын төледі. Содан бері үлкен сахналардан көрінбей кеткен әнші араға төрт жыл салып өнерге қайта оралды. 

Әнші төрт жыл бойы спортпен шұғылданғанын айтты

Жақында ол "Im A Singer Kazakhstan" мега шоуында жеңіске жетті

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер