Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елордалықтарды Жаңа жылдық мерекемен құттықтады
31.12.2017, 13:31

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елордалықтарды Жаңа жылдық мерекемен құттықтады

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Жаңа 2018 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымыз ит жылын жақсылықтың, береке мен татулықтың жаршысы деп қабылдаған. Біздің де келер жылдан күтеріміз көп, өткен жылға өкпеміз жоқ. 2017 жыл Астана үшін табысты болды. Экономика, мәдениет, туризм және әлеуметтік салаларда дамудың оң динамикасына қол жеткізілді. ЭКСПО көрмесін жоғары деңгейде өткіздік. Мұның бәрі Елбасымыздың алдымызға қойған нақты тапсырмалары мен барша астаналықтардың қажырлы еңбегінің арқасы.

Бүгінде Елордамыздың Алатау баурайынан Арқа төсіне ауысқанына жиырма жыл. Бұл өткенімізді саралап, келешекті бағамдайтын маңызды сәт. Жиырма жылда Астана қаласы адам танымастай өзгерді. Астананы дамытудың ұзақ мерзімдік жоспары өз мерзімінде орындалып келеді. Жаңа 2018 жыл да еліміз бен Елорда тарихында маңызды өзгерістермен есте қалады деп сенемін!

Сіздерге Жаңа жылда жаңа табыс, мол бақыт тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Астана қаласының әкімі    Әсет Исекешев

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер