Әйелдер өтірік айтқан кезде қандай сөздерді жиі қолданады?
23.10.2017, 14:04

Әйелдер өтірік айтқан кезде қандай сөздерді жиі қолданады?

«Мүмкін», «мен» және «тырысу». Америкалық ғалымдар осы үш сөздің ең жиі қолданылатынын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы lenta.ru «The Times» басылымына сілтеме жасап жазады.

Ғалымдардың айтуынша, жазбаша сөзде әйелдер біреуді алдау үшін «мүмкін», «мен» және «тырысу» деген сөздерді жиі пайдаланады. Сондай-ақ, әйелдер өтірік айтқан кезде орташа есеппен 9,2 сөз қолданады екен (шындықты айтқанда – 8 сөз).

Ал ер адамдар «мүмкін» және «әрине» сөздерін жиі қосады. Сонымен қатар, мамандар әйелдердің ер адамдарға қарағанда жиі өтірік айтатынын анықтады.

Мобильді қосымша арқылы жүргізілген экспериментке 1703 адам қатысты. Қатысушылар айтылған сөздердің рас-өтірігін бағалаған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер