2016 жылы қазақстандықтар Google-дан нені көп іздеді?
14.12.2016, 07:38

2016 жылы қазақстандықтар Google-дан нені көп іздеді?

Бүгін біз 2016 жылдағы Google ең әйгілі сұранымдарының қорытынды рейтингін ұсынамыз. Әдеттегідей, жылдың соңында Google қазақстандық қолданушыларын 2016 жылы не қызықтырғандығын және қандай сұрақтарға жиі іздегендерін білу үшін біз миллиондаған іздеу сұранымдарын талдаған екен, деп хабарлайды Baq.kz.

 Осы жылдың топ-сұранымдары қазақстандықтардың киноға және сериалдарға қызығушылығын көрсетіпті. Сөйтіп, Қазақстандағы жылдың ең әйгілі сұранымы «Мажор 2 сезон» сериалы болды. Ондыққа сонымен қатар как “Игра престолов 6 сезон”, “Физрук 2”, “Запах клубники”, “Отряд самоубийц” және «Дэдпул» сияқты кинематографиялық сұранымдары кірді. Одан бөлек, Google қазақстандық қолданушылары Риодағы Олимпиада ойындары және футболдан Еуро 2016 чемпионаты туралы ақпаратты белсенді іздеді.

«Персона» категориясында бірінші орынды Баян Есентаева алды. 2016 жылы ондыққа сонымен қатар жаңадан сайланған АҚШ президенті Дональд Трамп, британдық актер Алан Рикман және аңызға айналған Мұхаммед Әли кірді.

«Жыл фильмі» категориясында « Отряд самоубийц» комиксінің экранизациясы үздік болды. Сонымен қатар бірінші ондыққа «Дэдпул», «Доктор Стрэндж» және Бэтмен против Супермена» блокбастерлері, «Зверополис» мультфильмі, «До встречи с тобой» мелодрамасы және «Келинка Сабина» аты шулы қазақстандық комедиясының екінші бөлімі кірді.

Сериалдардың арасында қазақстандықтар жиірек «Дене шынықтыру мұғалімі» «Физрук», «Кухня» және «Универ» комедиялық телесериалдарының, «Мажор» криминалды детективінің және «Игра престолов» фэнтезиінің жаңа маусымдарын іздеген.

«Жыл саудасы» категориясында ағымдағы жылда темір жол билеттерін сатып алуға сұранымдар көшбасшы болды. Қазақстандықтар сонымен қатар Астанада пәтер мен Краснодар өңірінде үй сатып алуға, «Урал» мотоциклін, гироскутерді, тіпті кернеуді тұрақтандырғышты сатып алуға қызығушылық білдірген.

Қазақстандағы 2016 жылдың ең әйгілі сұранымдарының толық тізімі келесідей:

Ең әйгілі сұранымдар:

1. Мажор 2 сезон

2. Физрук 3 сезон

3. Евро 2016

4. Игра престолов 6 сезон

5. XXXI Жазғы Олимпиада ойындары

6. Запах клубники

7. Отряд самоубийц

8. Баян Есентаева

9. Битва экстрасенсов 17 сезон

10. Дэдпул

Жыл адамы:

1. Баян Есентаева

2. Ерасыл Әубәкіров

3. Сафар Шакеев

4. Дональд Трамп

5. Ислам Кәрімов

6. Төреғали Төреәлі

7. Данияр Елеусінов

8. Пратюша Банерджи

9. Мұхаммед Әли

10. Алан Рикман

Жыл фильмі:

1. Отряд самоубийц

2. Дэдпул

3. Зверополис

4. Выживший

5. До встречи с тобой

6. Иллюзия обмана 2

7. Доктор Стрэ ндж

8. Бэтмен против Супермена

9. Первый мститель: Противостояние

10. Келинка Сабина 2

Жыл сериалы:

1. Мажор 2 сезон

2. Физрук 3 сезон

3. Игра престолов 6 сезон

4. Запах клубники

5. Любовь напрокат

6. Молодежка 4 сезон

7. Кухня 6 сезон

8. Универ. Новая общага 11 сезон

9. Любовь не понимает слов

10. Лестница в небеса

Жыл саудасы:

1.Т/ж билеттері

2. Астанадан пәтер сатып аламын

3. авто

4. Урал мотоциклі

5. шиналар

6. Краснодар өңірінен үй сатып аламын

7. смартфон

8. кернеуді тұрақтандырғыш

9. бассейн

10. гироскутер

2016 жыл Google іздеу жүйесінің қазақстандық қолданушылары үшін осындай болды.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер