Жыл сайын Bloomberg әлемге қауіп төндіруі мүмкін оқиғалардың тізімін жасайды. Агенттіктің болжамдары жиі шындыққа айналып жататыны бар. Мысалы, 2015 жылдың аяғында сарапшылар 2016 жылы Дональд Трамптың АҚШ президенті болуынан және Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуынан қауіптену қажет деген еді. Назарларыңызға агенттік 2017 жылы қауіптену керек деп тапқан оқиғалар тізімін ұсынамыз.
2017 жылы адамзатқа қандай қауіп төніп тұр?
Америкалықтардың президентіне қарсылығы. Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейін штаттарда оның саясатына қарсы жаппай наразылық шаралары өтеді. Тәртіпті қалпына келтіру үшін президент бірнеше ірі қалада коменданттық режим енгізуге мәжбүр болады. Ел іші екі лагерьге бөлініп, Калифорния оппозиция орталығына айналады. Ал олардың лидері кәсіпкер Илон Маск болады дейді агенттік.
Ресей позициясының нығаюы. Дональд Трамптың оқшаулану саясатынан кейін Германия канцлері Ангела Меркельдің алдында таңдау тұрады. Не Ресеймен келісімге келу, не әскер жинау. Bloomberg болжамы бойынша, Меркель бірінші нұсқаны таңдауы керек. Арадағы шиеленісті басып, ресейлік хакерлерді қайтару үшін Ресейдің Украина, Белоруссия және Сириядағы саясатқа қатысты талаптарын қабылдауға мәжбүр болады. Мәскеудің халықаралық аренадағы статусы қалпына келіп, рубль нығаяды. Владимир Путин өз миссиясының орындалғанын сезініп, билікті мұрагеріне тапсыру туралы ойлай бастайды.
АҚШ пен Қытайдың экономикалық соғысы. Трамптың саясатына қарсылық ретінде Пекин юань девальвациясын жүргізіп, «Боингке» берген тапсырысты кері шегеріп, айфондардың сатылымына шектеу салады. Бірақ Қытайдың өзі үлкен тоқырауға ұшырайды. Трамппен кикілжің салдарынан америкалық нарықтан айырылып, 1997 жылы азиялық қор нарығындағы дағдарыс қайталануы мүмкін.
Әлем АҚШ-тың қорғауынсыз қалады. АҚШ президенті Дональд Трамптың дипломатиялық тәжірибесінің болмауы және халықаралық күн тәртібін түсінбеуі әлемдегі үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін. Мысалы, оның басшылығындағы АҚШ қуатты күші бар держава статусынан айырылып, халықаралық тәртіпті реттеудегі рөлін Ресей мен Қытайға береді. Бұл жағдайда террористер күштерін нығайтып, Жапония мен Сауд Арабиясы ядролық бағдарламалармен айналысуы мүмкін. Ал Солтүстік Корея Америка аумағына дейін жететін ядролық қаруы бар екенін дәлелдейді.
Киберсоғыстар. АҚШ-тағы негізгі инфрақұрылым обьектілеріне, әсіресе, электростанцияларға хакерлік шабуылдар жасалады. Киберқылмыскерлер медициналық құрал-жабдықтар мен өздігінен басқарылатын автомобильдерді нысанасына алады. Олардың артында Ресей немесе Қытай тұрады.
Кариб дағдарысы-2. АҚШ президенттігі лауазымында Дональд Трамп Барак Обаманың Кубамен жақындасу деген саясатын кері шегереді. Нәтижесінде социалистік мемлекет Ресей және Қытаймен байланысын қайтадан нығайтып, Мәскеуге Гаванада әскери базасын ашуға рұқсат береді. Осыған байланысты АҚШ пен Ресейдің ара-қатынасы одан сайын ушығып, 1962 жылғы Кариб дағдарысы тағы қайталануы мүмкін.
Мексиканың құлдырауы. Трамп Мексикамен қарым-қатынасын нығайту деген уәдесін орындап, еліндегі заңсыз жүрген мигранттарды депортациялай бастайды. Мексика экономикасы құлдырап, билік АҚШ-қа қарсы популистердің қолына өтеді. Елдегі наша бизнесі бұрынғысынан да гүлдей бастайды.
Иран мен Сауд Арабиясының соғысы. Сауд Арабиясының экономиканы әртараптандыру деген саясаты ешқандай нәтиже бермей, корольдікте сарай төңкерісі болады. Таяу Шығыстағы негізгі күш Сауд Арабиясының бұрынғы қарсыласы Иранның жағына қарай ауысады. Тоқтау салатын АҚШ болмаған соң ірі мұнай өндіруші елдер Сауд Арабиясы мен Иран арасында соғыс болып, қара алтын нарығында дағдарыс орын алады.
Дерек көзі: baq.kz
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13