Бағдарлама

Показать содержимое по тегу: Бағдарлама

"Түнгі студия" бағдарламасының жаңа жүргізушісі белгілі болды, деп хабарлайды Today.kz.

Опубликовано в Әралуан

Оңтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ордабасы тауында үш биге монумент орнатылып, «Қазығұрт тауы» жобасы жүзеге асырылады. Бұл екі тауда туристік инфрақұрылымдар қарастырылып, киелі, қасиетті орындарды аяқасты етпеу жақтары мұқият ескерілген. Ал Отырар қалашығы мен Арыстанбаб кесенесін байланыстыратын ежелгі жол қайта жаңғыртылып, оның бойына ұлттық қолөнершілердің шеберханалары бой түзейтін болады. Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында өткен есепті кездесуінде облыс әкімі Ж.Түймебаев осылай деді, деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Опубликовано в Саясат жүзі

Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген болатын. Бағдарламаны іске асыру бойынша облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік комиссия және сарапшылар кеңесі құрылған. Сарапшылық кеңесінің құрамында жергілікті зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Мақалада белгіленген 6 бағыт бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің басшысы Бақытжан Әшірбеков мәлім етті, - деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Опубликовано в Руханият

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 900-ден астам маман ауылдық жерлерде жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 303 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Аталған мемлекеттік бағдарламаны орындауда облыс республикада көш бастап тұр. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлім етті, - деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА.

Опубликовано в Қоғам

Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 721,1 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 36,2 пайызға өсіп отырғандығын көрсетеді. Тапсырылған үйлердің 436,2 мың шаршы метрі - көпқабатты болса, 284,9 мың шаршы метрі - жеке тұрғын үй. Ағымдағы жылы 730 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті, - деп silteme,kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Опубликовано в Әлеумет
Страница 2 из 4

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер