Показать содержимое по тегу: Руханият
Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Еуразия мұсылмандары ғұламаларының форумы өтті, деп хабарлайды silteme.kz.
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қостанай облысының азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді. Кездесу барысында қатысушылардың бірі министр Ермекбаевқа сұрақ қойып, Министрлік пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арасындағы өзара іс-қимылды бес балдық шкала негізінде қалай бағалайтынын сұрады, деп silteme.kz АА хабарлайды.
Әйел - әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел - адамзаттың анасы. Әйел - тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел - бақа басты еркектің қосағы. Әйел - отбасының өзегі. Әйел - шаңырақтың шамшырағы. Әйел - Тәңір-Тағаланың мейірімінің сынығы. Әйел - нәзіктіктің қас үлгісі.
Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген болатын. Бағдарламаны іске асыру бойынша облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік комиссия және сарапшылар кеңесі құрылған. Сарапшылық кеңесінің құрамында жергілікті зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Мақалада белгіленген 6 бағыт бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің басшысы Бақытжан Әшірбеков мәлім етті, - деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа жыл қарсаңында елордада бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылғаны белгілі. Соның бірі - ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақиық ақын Төлеген Айбергеновтың 80 жылдығына орай «Сендер менің бақытымның бұлағы...» атты әдеби-сазды қорытынды кеші болатын.