Показать содержимое по тегу: Ресей
Қазан айының басынан бері Ресейдің Новосібір облысының аумағына карантинге іліккен 70 тоннадан астам өнімді кіргізуге тыйым салынды, деп хабарлайды inform.kz.
АҚШ Сириядағы бейбіт диалогты жалғастырудың алғышарты ретінде Алеппо қаласы аймағына әуе соққысын біржолата тоқтатуды талап етеді деп хабарлады azattyq.org-қа сілтей отырып silteme.kz.
Каримовтың көзi жұмылды деген ақпарды ресми Ташкент жоққа шығарды. Қазiр оның атына тәуелсiздiк мерекесiне орай құттықтаулар түсiп жатыр. Өзбек президентiнiң сайтындағы мәлiметтерге қарағанда, Каримовты айтулы мерекемен құттықтағандардың арасында Украина, Тәжiкстан, Түркiменстан, Ауғанстан президенттерiн былай қойғанда, АҚШ пен Қытай басшысы да бар. Барак Обама Өзбекстанның территориялық тұтастығын қолдай беретiнiн бiлдiрсе, Си Цзиньпин тiптi Каримовке денсаулық тiлеген. Алайда өзбек лидерiнiң қазiр қандай жағдайда екенi Ташкенттегi шағын топқа ғана белгiлi. Ел тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған мерекелiк шаралардың кейiнге шегерiлуiнiң өзi көп нәрсенi айғақтап тұрғандай. Бiрақ бастысы, бұл емес. Дәл қазiр президенттiң өлi-тiрiсiнен гөрi әлем жұртын Каримовтан кейiнгi Өзбекстанның қандай болатыны көбiрек толғандырады.
Батыс саясаткерлері Ресей президенті Владимир Путинмен қарым-қатынаста айтарлықтай үлкен қателіктерге жол беріп қойды. Енді соның жемісін өздері теріп, жеп жатыр. Германия бундестагіндегі солшылдар партиясының бұрынғы басшысы, немістің белгілі саясаткері Грегор Гизи осылай деп есептейді, деп жазады "Егемен Қазақстан" газеті.