Показать содержимое по тегу: аудан
Оңтүстік Қазақстанда облысында халқы ең тығыз орналасқан Мақтаарал және Сарыағаш аудандарын бөлу туралы мәселе соңғы жылдары жиі қозғалып келді. Ал бүгін алтыншы шақырылымындағы облыстық мәслихаттың ХХ сессиясында аталған ұсыныс күн тәртібінде қаралып, депутаттардан қызу қолдау тапты. Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев халық күткен тарихи шешімді негіздеу үшін тиісті ауқымда шаралардың жүргізілгенін жеткізді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА.