Ғаламтордағы зиянды ақпараттардан балаларды қалай сақтауға болады?
28.08.2020ж.

Ғаламтордағы зиянды ақпараттардан балаларды қалай сақтауға болады?

Таным процесіне енді келіп жатқан бала ақпарат ағынынан қорғана алмайды. Өзіңіз ойланып көріңізші бейтаныс адаммен баланы қалдырасыз ба? Дұрыс, біз оның мақсаттарын білмейміз, ал интернетте белгісіз ақпаратпен, мультипликациялық фильммен, кітаппен, авторлармен және мақсаттарын білмейтіндермен, қалдырамыз. Түсіндірмейміз, талқыламаймыз, көргенімізге және оқылғандарға оралмаймыз. Біз балаларды жаман адамнан қорғауға, табиғи апаттар кезінде туындайтын қиын жағдайда өзін-өзі ұстауға үйретеміз.

Бала дүниеге келген сәттен бастап сіңірген әлемдегі ақпараттың өзі ақпараттық қауіп төндіре алады. БАҚ тек ақпарат тасымалдаушы ғана емес, оның массаға дәл жеткізушісі, сондай-ақ, манипуляциялық әрекеттің қуатты аппараты болып табылады. Қарапайымдылық, адалдық, пәктік және ұят көру девальвацияланады және жанқиярлық мазақ етеді. «Еңбек адамы», «отбасы» деп аталатын кітаптар, фильмдер жоқ. Отбасы институты жоғалады, балалар үшін ата-анасыз «Бақытты бала» тақырыбы сәнге айналады. Біз зияткерлік өсуді «әділдік үшін адам өлтіру», «достық үшін кек алу» сияқты бейнелерді ауыстыру арқылы бағалайтындаймыз.

Қоғамның рухани саласының бұрмаланған адамгершілік нормалары мен өлшемдері, қалыптасқан әлеуметтік стереотиптер мен ұстанымдар, жалған діни бағдарлар мен ұлттық құндылықтардардың деформациясы мен деструктивті өзгерістері қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларындағы жай-күйі мен процестеріне әсер етеді. Ақпараттың негізгі көздерінен, сондай-ақ, ақпараттық ықпал ету құралдарынан шығатын дәйексіз, әдепке жатпайтын, деструктивті ақпарат ақпаратты алушы балаға белгілі бір әсер етеді. Балаңыз компьютерді сізден әлде қайда тез меңгеріп, гаджеттердің тілін сізге үйрететін жағдайға жеткеніне қуанып отырсаңызда, оны виртуалды әлемде кім басқарып, кім манипуляция жасап жатқанын байқамауыңыз да мүмкін.  

Қазіргі жоғарғы технологиялардың көмегімен біздің алыс-жақы туысқан, достарымызбен әп-сәтте-ақ қалын сұрап сырласуымызға көмегін тигізге қуантарлық жәйт. Бірақ балаларымыздың да бізге еріп әлеуметтік желілер арқылы, яғни, физикалық байланысқа түспестен виртуалды жолдастар тауып кейде тіпті өзінің құрдастары болмасада тілдесуі алаңдатады. Бала кезіндегі эмоционалды байланыстардың болмауының орны идеологиялық немесе діни нұсқа арқылы, атап айтқанда, бір немесе басқа көшбасшыға фанатикалық тұрғыда берілгендік түрінде толықтырылады немесе идеялар мен кейбір жат діни ағымдардың мінсіз әлемнің діни-утопиялық армандары арқылы өтеледі десекте болады. Жат діни ағымдар жастарды арбаудың негізгі мақсаты тез иланғыш, осал болғандықытан емес. Себебі денсаулығы, идеология, эмоционалды көңіл-күйі және басқа да факторлар тұрғысынан да жат діни идеологтар үшін өте тиімді «қаруларына» айналуы да мүмкін.

Кейбір деструктивті діни ағымдар біздің балаларымызды мультипликациялық фильмдер, аудио-кітаптар, музыкалар тіпті ойын-саулық программалары арқылы өздерінің аудиторияларына айналдырып алған. Қараусыз баланы өздігімен қалдырып өз істерімізбен айналысып кетіп, кейде қойған сұрақтарына да мән бермей, «иә» немесе «жоқ» деп қана үстіртін жауап бере саламыз. Ал балалар немесе жасөспірімдер өмір тәжірибелерінің аздығынан түрлі сұрақтарға жауап алғысы келеді. Мысалға, әлемді жаратқан кім?, Адам қалай пайда болды?, Өлімдеген қалай? т.б. сұрақтарға ата-анасы толыққанды жауап берсе жақсы. Бірақ ондай сұрақтарға басқалардың жауаптары туыстарының жауаптарынан өзгеше болса, ондайды түрлі ойларды байқаған баланың қызығушылығы еселей артып жат діни идеологияларды өзіне сіңіріп алуы алмауына кім кепіл. Ал діни ағымға тартушылар көз тіккен құрбанының проблемалары, қажеттіліктері және өмірлік мақсаттары арқылы ойнайды. Бастапқыда сізге ешкім: «Жаңа Құдайға сену үшін менімен бірге жүр!» - деп айтпайды. Оның орнына олар кешкі сауыққа, курстарға баруды ұсынады діни ағымға тартуды көздейтіндер - өте жақсы психологтар болып келеді.

«Ата-ана тәрбиесінде баланың ересек жасқа жеткенде деструктивті діни ағымды таңдау жасауға ықпал етуі мүмкін тағы бір жағдай - бұл инфантилді тұлға қалыптастыратын отбасылық тәрбие стилі. Әсіресе егер баланың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау туралы жақындарының үлкен қорқынышы болған кезде. Мысалы, балаға тіпті аздаған қатер туса, тіпті кез-келген әрекетке тыйым салынады. Мысалы, құлап қалмас үшін, бір жерін ауыртып алмас үшін ата-аналар бала үшін ең қарапайым әрекеттерді де өздері орындайды. Нәтижесінде балада ұсақ моторика дамымайды, бұл психиканың дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан, бұл балалар әдетте өте ақылды болады, бірақ олар ақыл-ойын өздігінен пайдалана алмайды. Балалық шағында олар өздері істеу керек істі атқарған жоқ. Сондықтан олар ешқашан күнделікті өмірде тәуелсіз бола алмайды. Сол себепті олар «жұмаққа тез жету» идеясына өте жақын, оған жету үшін сізге ештеңе жасаудың қажеті жоқ, тек ұрыс алаңына қарумен кірсеңіз жеткілікті» дейді отандық белгілі сарапшы Юлия Денисенко.

 

Н.Дихамбаев,

Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығы

Талдау бөлімінің маманы

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер