Тәжік имамдары мешітке баруға міндеттелді
18.05.2018, 19:09

Тәжік имамдары мешітке баруға міндеттелді

Тәжікстандағы мешіттердің имам-хатибтерін Лахути атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрына барып, тәжік жазушысы Мәнсұр Суруштың пьесасы бойынша қойылған "Обу оташ" ("Су мен от") спектаклін көруге міндеттеді деп жазады centralasian.org.

Театр қойылымын бірінші болып Тәжікстан үкіметі жанындағы дін істері жөніндегі комитетінің қызметкерлері көрді. Мекеменің баспасөз хатшысы Афшин Мукимнің хабарлауынша, жақын күндері бұл спектаклді Гиссар алқабындағы мешіттердің қызметкерлері тамашалайды. Болашақта "Обу оташты" басқа да аймақтардағы мешіттердің имам-хатибтері көруі міндетті.

"Обу оташ" қойылымының премьерасы биыл ақпан айында өтті. Спектакль азаматтық қоғамдағы толеранттық тақырыбына арналған, мұнда діни фанатизм әжуаланған.

Қойылымды Дін істері жөніндегі комитет қызметкерлері тамашалаған уақытта, көрермендер залынан "Наузубиллах" ("Құдай сақтасын!") және "Астахфураллах" ("О, Құдай!") деген сөздер жиі естілген.

2014 жылдан бастап Тәжікстандағы мешіттердің имам-хатибтері айлықты мемлекеттік бюджеттен алады. Мысалы, Тәжікстан ислам орталығы кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзоданың ресми айлығы - 2 мың сомони (220 доллар), ал ірі мешіттердің имам-хатибтері 1,5 мың сомони (170 доллар), шағын мешіттердің имамдары 800 сомони (шамамен 90 доллар) алады. Басқа да діни қызметкерлерге және басқа конфессиялардың діни қызметкерлеріне айлық төленбейді.

Еске салайық, бір жыл бұрын Тәжікстанның ішкі істер министрлігі Рамазон Рахимзода милиция қызметкерлерінен айына бір мәрте театрға баруын талап етті. Сол кезде тәртіп сақшылары Лахути атындағы Мемлекеттік академиялық театрда "Чархи гардун" тарихи спектаклін тамашалаған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер